Логикалық ойлаудың дамуы бірнеше кезеңнен тұрады.
1. Фактілер мен құбылыстарды бақылау.
2. Жауапты іздеу үшін мәселе (шарт) қою.
3. Бақыланып отырған нәрсе бойынша мүмкін болжамдар жасау.
4. Болжамды зерттеу және дұрыс жауапты тәжірибе жүзінде тексеріп, логикалық тұрғыда талдап, тиянақты қорытындылай білу. Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, ондағы заттар мен құбылыстары алдымен санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерге материалдық түрде әсер етеді де біз оларды қабылдаймыз.
5. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып танымды нақтылай түседі. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады.
6 Оқу үдерісінде баланың қызығушылығын, өздігінен үйрену, танып білу белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін оқу жұмыс формаларын ұйымдастыруға үйретуді. Дүниетану пәніндың жалпы әдістемесінің аса маңызды міндеттерінің бірі-ғылым ретінде жаратылыс пен оқу пәні ретінде Дүниетану пәнін арасындағы байланысты анықтап береді
Дүниетану пәнінің міндеті: 1.оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);
2.оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);
3.дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы – оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.
Сонымен бірге оқыту әдістері – практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі.Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Мұндағы ерекше оқыту формаларын жүргізу әдістемесі осы пәнде қарастырылады.
Бұл пәннің мазмұны және өзіндік ерекшеліктері, оқытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.
Дүниетану сабақтарында табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырады.Сондықтан да болашақ бастауыш мектеп мұғалімі “Дүниетану” пәніне қатысты барлық білімдер мен білік-дағдыларды толық меңгеруі қажет.