Сабақ жоспары пән: Дүниетануды оқыту әдістемесін қолдану



бет2/4
Дата08.02.2023
өлшемі30,94 Kb.
#66286
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1 лекция дүниетануды оқыту (5)

Топқа біріктіру:
5Т ережелері:
1.Тыныштық
2.Талап
3.Тәртіп
4.Тазалық
5.Татулық
1) аудитория мен оқушыларды оқу-тәжірибе жұмысына дайындау,
2) сабақтың таныстырып мақсатын қою;
Студенттермен амандасу, тексеру. Сабаққа дайындығын қадағалау. Сабақ барысымен таныстыру.
Білу:
«Миға шабуыл» әдісі (аудио жазба тыңдау)
1.https://dis.kaznpu.kz/els/course/view.php?id=8373


2.Түсіну. Жаңа тақырып
Лекция мәтіні :
Дүниетану пәнінің әдістемесі –педагогикалық ғылым.
Дүниетануды оқыту әдістемесі пән педагогикалық ғылымдар саласына жатады. Себебі бұл пән бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларға өздерін қоршаған ортадан білім беруге дайындайтын болғандықтан, олардың психологиялық, жеке бастық ерекшеліктеріне сүйене отырып білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгертуге арналады.Дүниетану әдістемесі басқа әдістемелік пәндер сияқты алдыңғы қатарлы мұғалімдердің озық тәжірибелеріне сүйенеді. Сонымен қатар тиімді және оқушылар белсенділігін көтеретін жаңа технологияны қолдануды саралайды. Алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдану арқылы мұғалімдер үнемі өз әдісі мен тәсілін жетілдіруге мүмкіндік алады Өз сабақтарында тәрбиелік бағыты туралы ойламайтын мұғалім жоқ деп айтсақ қателеспейміз. Бірақ мұның өзі кез-келген мұғалімге оңайлықпен түсе бермейді Әлі де болса көп жағдайларда сабақтың тәрбиелік тиімділігі өте-мөте жеткіліксіз. Мұғалімдердің жұмысына бақылау жасап отыру бұл фактілерді тізіп баяндау ғана емес, сонымен бірге бастауыш сыныптарда оқу процесі тәрбиелік тиімділігінің бірқатар жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді.
.
Тәрбиелей оқытуды жүзеге асыра отырып әр пәннің өзіне тән мүмкіндіктерін есепке алу керек.Оқу бейнелеу өнері , музыка сабақтары балалардың ойы мен сезімінің көркемдік бейнелеріне әсер ету күштеріне тәрбиелейді.Орыс тілі, математика, дүниетану сабақтары бәрінен бұрын балалардың логикалық ойын дамытып , құбылыстардың өзара шарттылығын ашып береді. Осы орайда, менің Бастауыш сыныптарда дүниетану пәнінен эстетикалық тәрбие беру атты тақырыбым- дүниетанудың құрамдас бөліктері туралы ұғым бере отырып , тәрбиелік мақсатын ашуда өте маңызды тақырып.
Тақырыпты зерттеуде, Қазна Аймағамбетова, Мағжан Жұмабаев,Б.Д Элькониннің идеяларын негізге алумен қатар мектеп бағдарламасы мен «дүниетану» пәнінің оқулықтарын негізге алдым
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы жалпы дүниетану пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу процестерінің жүйесіне кіреді.
Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің дүниетану пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні дүниетануды оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталады. Білім берудің негізі – бастауышта, яғни бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Соның ішінде “дүниетану” пәні тұлғаның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосады.”Дүниетану” пәні негізінен үш блокты: “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам”ұғымдарын бірлестіретін пән болып табылады.Яғни “өмір әліппесі” болып саналған “Дүниетану” пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге мектептегі “Дүниетану” пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал “Дүниетану”пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін “Дүниетану” пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады.
«Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің міндеттері:  арнайы (түзету) мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері туралы студенттердің теориялық білімдерін тереңдету және бекіту;  студенттердің арнайы (түзету) мектепте «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» бойынша оқу-тәрбие процесін жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу дағдылары мен іскерліктерін меңгеруі;  ерекше оқытуды қажет ететін балаларды қоршаға айналаны оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану дағдыларын меңгеру;  оқушылардың жеке және типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, түзетудамыту және оқу-тәрбие жұмыстарын Дүниетану пәндері бойынша сабақтарда және сыныптан тыс іс-шараларда өткізу дағдыларын жетілдіру. Оқу-әдістемелік құралы маңызды төрт тараудан құрастырылған. Әр тақырыптың жоспары, оқу ақпараты, өз-өзін бақылау сұрақтары және әдебиет тізімі берілген. Оқуәдістемелік құралының соңында қорытынды тест, бақылау тапсырмалары ұсынылған.
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының негізгі бағыты. Бұл Дүниетану пәнін негіздері циклінен алған білімдеріне сүйене отырып бастауыш сыныпта Дүниетану пәнін оқытуға қажетті теориялық, әдістемелік білім мен білікті, педагогикалық шеберлікті үйрететін курс болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің объектісі Дүниетану пәнін негіздері туралы теориялық білімді, яғни қоршаған орта, ондағы заттар мен денелер, құбылыстар мен үдерістер, қоғамдық қатынастарынан бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай білім берудің әдістәсілдерін, формаларын және баланың жалпы құзыреттіліктерін қалыптастырып, жетілдірудің жолдарын меңгертетін курс болып табылады. Кіші жастағы оқушылар дүниені біртұтас күйінде қабылдайды, оның көріністерін биологиялық, физикалық, химиялық құбылыстарға бөлмейді. Дүниетану пәнін білімін интеграциялап оқытудың алғашқы кезеңінде табиғат құбылыстары туралы дұрыс, біртұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, табиғат туралы ғылымдарды одан әрі саралай оқып үйренуге белгілі бір негіз қалайды. Оны оқып-үйрену барысында дүниенің материалдығы мен танымдылығын, құбылыстардың өзара байланысын, заңдылықтар мен эволюция идеяларын түсінуге қадам жасалады. Дүниетану пәнін оқыту баланың ақыл-ойын дамытуға бағытталған үлкен міндеттерді шешеді. Нақты обьектілер мен құбылыстарды оқыпүйрену кезінде оның бақылау қабілеті дамиды. Байқағыштық – заттар мен құбылыстарды саналы түрде қабылдай білу, олардың өзіне тән және ортақ белгілерін табу, белгілі заңдылықтарды байқау, оларды талдап қорытынды жасай білу қабілеті. Байқағыштық жүйелі жаттығулардың барысында біртіндеп дамиды. Мұның бәрі баланың ойлау қабілетін дамытуда, қоршаған ортаны танып білуінде маңызы зор. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет