Сабақ жоспары Пән мұғалімі: Нұржәмила Мұсақызы Сұлтанбекова

Дата01.10.2023
өлшемі19,81 Kb.
#112269
түріСабақ

Тексерілді
«Көркем мәтінді талдау» пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән мұғалімі: Нұржәмила Мұсақызы Сұлтанбекова

Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

Сынып: 3-сынып

9 «Б» сынып

9 «Г» сынып

Өтілу мерзімі:

18.09.23

18.09.23

Саб. тақырыбы

Мәтін формаларына қарай талдау: суреттеу мәтінін талдау

Сабақтың мақсаты

Суреттеу мәтінімен жұмыс арқылы талдау дағдысын қалыптастыру

Жоспар

Сабақтың
кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы
1 минут

Ұйымдастыру барысында сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстырылады.

Сабақ тақырыбы,
мақсатымен танысады.

Сабақтың ортасы
5 минут

Суреттеу турлы теориялық ұғымдармен таныстыру.
1-слайд.
Суреттеу — әдебиетте әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл.
2-слайд
Жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлермен, олардың жеке басына тән өзгешеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырып өтеді. Бұл көбіне суреттеу(сипаттау) жолымен жүзеге асады.
3-слайд
Табиғат көркін суреттеуді пейзаж дейді.
4-слайд
Шығарма кейіпкерлерінің түр-тұлғасын суреттеу портрет деп аталады.
5-слайд
Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу мінездеме деп аталады.

Суреттеу турлы теориялық ұғымдармен танысады.

Слайд

34 минут

Тапсырма
Жұптаса отырып, «Бандыны қуған Хамит» әңгімесінен берілген үзіндіні талда.
Дескриптор:
*үзіндінің стилін анықтайды;
*стиліне дәлелдемелер келтіреді;
*мәтіндегі автор қолданған суреттеу түрін анықтайды;
*автордың қолданған көркемдегіш тәсілдерін анықтайды.

Жұптаса отырып, берілген үзіндіні талдайды.

Дескрип-тор бойынша тиімді кері байланыс беріледі.

Сабақтың соңы
Кері байланыс
5 минут

«ҚҚҚ» әдісімен кері байланыс береді.

*қиын...
*қызық...
*құнды...

Үйге тапсырма:

Суреттеу мәтінін тауып, талдау жасау.

Күн шайдай ашық, жылы еді. Аспанда бұлт жоқ. Жел де жоқ. Хамит жалғыз, бір ескілеу жолмен келеді. Айнала қалың иірім-иірім орман. Бойлап, таласа, жарыса шыққан қайың мен қарағай. Және әредік қалың, қарағаймен жарыса шыққан теректер де көрінеді. Қайың мен терек ағаштардың жапырақтары шалғырт тартып, сарғая бастаған...

Хамит – ұзынша бойлы, жауырынды, тіп-тік, сұр жігіт. Қыр мұрынды, шүңіріктеу қара кер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы 25-26 жас шамасында. Сом сұлу денесі ылғи сіңірімен шиырылған күшті көк ет еді. Бар денесі серіппелі көк темірден құйып жасағандай. Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен шұңғылдау көзі Хамитте зор қайрат, үлкен қайсарлық бар екенін көрсетеді. Бет-аузы бүркіттің бетіндей. Қыран бүркіттің түрпілі саусақтарындай күшті, темірдей жұдырықтарын түйіп, кәрін тігіп, кіжініп:

− А-а!.. Қандай қылайын! - деп төніп келсе, жөпшеңді кісінің аруағы ұшып кететіндей азамат. Хамит салт атты. Үстінде мұздай қазақша киім. Басында қоңыр тымақ...

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет