Өзектілігі: Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін.
Абайдың табиғаты, Абайдың дауысы, Абайдың тынысы – бұл заман тынысы, халық дауысы. Бүгінде ақын дауысы біздің дауысымызбен ұштасып, қатая түседі және тың қуат алуда.
Абайдың табиғаты, Абайдың дауысы, Абайдың тынысы – бұл заман тынысы, халық дауысы. Бүгінде ақын дауысы біздің дауысымызбен ұштасып, қатая түседі және тың қуат алуда.
М.Әуезов Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қарасөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді.
Абай өлеңдеріндегі тағылым және ақын қарасөздерінің тәлімдері
Абай өлеңдеріндегі тағылым және ақын қарасөздерінің тәлімдері
Жастарға арналған өсиет өлеңінің ой жағынан көрнектілерінің бірі – « Ғылым таппай мақтанба». Бұл өлеңде Абай адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы – ғылым дейді.
Жас буынға арнаған осындай бір өлеңі – «Жігіттер, ойын арзан» деген ұзақ өлеңі.
Жалпы осы бағыттағы өлеңдері қоғамдық мін, сыншылдыққа бағытталса, жамандық, жауыздық атаулыға қарсы шығуда одан әрі құлшына түскенін өлеңдер мағынасынан айқын аңғарамыз.
Ақынның қарасөздерінде де әңгіме болатын нұрлы ақыл жайы өлеңдерінде де жүйелі сөз болады. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі қайрат, ақыл, әділет-шапқат үшеуінің жарасымды бірлігі мен тірлігін аңсаған ақын ойынан нұрлы ақыл жайын танығандай боламыз. Себебі әділет пен шапқаттың жолындағы ақыл нұрлы.

Қарасөздері
«Он тоғызыншы» сөзінде: «Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, кһріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» деп одан әрі кеңіте отырып дамытатынын көруге болады. Осылай салыстыра отырып меңгерту ақынның шығармашылығын талдауда ерекше баспалдақ.
Абайдың жетінші қарасөзінен үзінді: «..Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екенбіз?». Абайға өз қарауымен әлем ғажаптарын көруге, тану және зертелуге үшін әр адам биікке өсуге талап етеді. Адамның өнегелік тазалығы бірінші орында.
Абайдың «Алтыншы» , «Сегізінші» , «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім- білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық , мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік , тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп , «Алтыншы сөзінде» Абай: «Бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол әңгімесінің екінші жерінде: «Ырыс - алды тірлік» дейді.

Тағы бір үлкен адамгершілік мәселесін қозғайтын шығармасы – «Отыз алтыншы сөзі». Қара сөз ұят туралы . Өз кезегінде ұяттан, ардан безгендерді сынай келіп, ұят және оның түрлерін сөз етеді. Ұяттың бір түрі – адамның балалық дәуірінде болатын табиғи құбылыста , екіншісі – жасықтық, ынжықтықпен байланысты .
ХХІ ғасырдағы Абай! Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боларсың елден бөлек Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады Әлкей Марғұлан Қаныш Сәтбаев Асқар Жұмаділдаев Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл, Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл. Құр жасы елулерге келсе-дағы, Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл Алия Сабур (19 жас-ең жас профессор) Тимур Рыспеков (17 жас- жас ғалым) ...ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге!
Қорытынды
Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының ойымен қорытындыласақ: Жас ұрпақ үшін Абай мұрасын оқу, түсіну өте маңызды. ХХІ ғасырда ұлы ақынымыз Абайдың бізге қалдырған өнегелі сөздерін оқу еңбекқор, білімді жастарды тәрбиелейді деп ойлаймын. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алу, адамдық сипатта бой түзеу - парызымыз.