жадты автоматты түрде басқару;
ерекше жағдайларды өңдеудің кеңейтілген мүмкіндіктер;
енгізу/шығару фильтрация құралдарының бай жиыны;
стандартты топтамалар жиыны: массив, тізім, стек және т.б.;
желілік қосымшалар (оның ішінде RMI протоколын қолдану) жасау қарапайым құралдар болуы;
HTTP-сұраныстар орындау мен жауаптарды өңдеуге мүмкіндік беретін кластар болуы;
тілге кіріктірілген көпағымды қосымшалар жасау құралдары;
дерекқорға унифицияланған рұқсат:
жекелеген SQL-сұраныстардың деңгейінде — JDBC, SQLJ негізінде;
дерекқорды сақтау қабілеті бар объекттер концепциясы деңгейінде — Java Data Objects (ағл.) және Java Persistence API негізінде;
жалпыламаларды қолдау(1.5 нұсұасынан бастап);
бағдарламалардың паралелді орындалуы.
Java тілі С++ тілінің синтаксисын қолданады, бірақ объектілік үлгі Smalltalk тілінен алынған. Осыдан Java тілінің С++ тілімен ұқсастықтары тек қана сыртқы түрде екенін көруге болады. Басқа программалау тілдерімен салыстырып қарағандағы негізгі айырмашылығы - программалар мөлшерінің азаюын қажет етуі мен желіде жұмыс істейтін тасымалданатын қосымшалардың қауіпсіздігі шарттарының ұлғаюы. Java көрсеткіштерді (С++, Pascal және тағы да басқа тілдердің ең қауіпті құралы) қолдамайды, себебі, жадтың жанама адрестерімен типі көрсетілмеген көрсеткіштер арқылы жұмыс істеу мүмкіндігі жадтың қорғанышын елемеуге рұқсат береді. Java тілінде айнымалы арифметикамен есептеудің тәсілдері өзгерген, сондықтан да тіл түрлерінің арасында аралық код шыдамдылығын қамтамасыздандыру үшін strictfp кілттік сөзі енгізілді. Ол компиляторға айнымалы үтірі бар сандар үшін арифметикалық әрекеттерді алдыңғы түрдегі есептеулерге сәйкес орындау керек екендігін көрсетіп, жаздырады.
Тіл кластарының жүйелік кітапханасы кластар және пакеттерден тұрады, олар тілдің әртүрлі базалық мүмкіншіліктерін жүзеге асырады. Бұл кітапханаларға қосылған кластардың әдістері JVM-нан Java – бағдарламаның интерпретациясы кезінде шақырылады. Java-да бағдарламаның барлық объектілері динамикалық жадта орналасқан (heap) және стектерде сақталынатын объекті сілтемелер арқылы қолжетімді. Бұл шешім жадқа тікелей қолжетімсіздікке мүмкіндік берді, бірақ массив элементтерімен жұмыс істеуді қиындатып жіберді. Java тіліндегі объектілі сілтемелер өздері бағытталып тұрған объектілердің класы туралы хабардан тұрады. Сондықтан да объектілі сілтемелер дегеніміз, көрсеткіштер емес, олар объектілердің дескрипторлары. Дескрипторлардың болуы JVM-ге код интерпретациясы фазасында типтердің сәйкес келуін тексеруге мүмкіндік береді. Java-да жадты динамикалық бөлу концепциясы да қайта қарастырылған: динамикалық бөлінген жадты босату тәсілдері жоқ болады. Оның орнына new (қоқыс жинаушысы) операторының көмегі арқылы көрсетілген жадты автоматты түрде босату жүйесі іске асырылған. Java - бағдарламаларда класс спецификациясы мен оның жүзеге асырылуы әрқашан да тек қана бір файлда болады.Java тілі операторларды қайта жүктеуді және typedef, белгісіз бүтіндерді (егер ол ретінде char- ды есептемесек) қолдамайды. Java-да көптік мұрагерлік жоқ, тек құрастырушылар бар, бірақ деструкторлар жоқ (қоқысты автоматты түрде жинастыру қолданылады), тілдің кейінге сақталған сөздері бола тұрса да, goto операторы және const сөзі қолданылмайды.
Java тілінде пайда болған маңызды мүмкіндіктер интерфейстер мен кең ағымдылық (бағдарлама бөлімдерінің бір уақытта орындалу мүмкіншілігі).