Сабақ жоспары Поурочный план ЦӘк-смж/цмк-смк -02/1-03 беттің беті стр из 4


Жүктіліктен сақтану заттарын белгілемес бұрын 3 жәйт еске



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата13.06.2023
өлшемі354,69 Kb.
#101150
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жүктіліктен сақтану заттарын белгілемес бұрын 3 жәйт еске 
алынады: 
1.Тиімділігі. 
2.Асқыну қауіптілігі. 
3.Әйел денсаулығына пайдалы әсері. 
Жатыр ішіне салынатын тығындар 
Қазіргі кезде тығынның 50-ден астам түрі бар.Олар әртүрлі материалдардан жасалынған 
және әртүрлі пішіндес «Т», «С» пішіндес болып келеді. Мысы бар тығындар қабыну 
ауруларының алдын алуға , асқынулардың болмауына ықпал етеді. Инертті тығындар:Липсс 
ілмегі полиэтиленнен дайындалған. Оның 4 өлшемі бар: N1- 25мм, И2-27, 5мм, №—30мм, 
Ж- 32мм. Салмағы сәл ауырлау болып келеді. Тиімділігі -97%. Мысты тығындардың 
тиімділігі-93-98 %. Бұлардың Си-Т-380, Си-Т-200, тағы да басқа түрлері бар. Жатыр ішіне 
салынатын тығьшдар үрықтануға механикалық кедергі жасайды.Соңғы кездері 
прогестероннан тұратын жатыр ішілік тығындар кеңінен қолданылуда.Тығын силиконды 
қалташықтағы прогестерон гормонынан түрады. Гормон әйел тәніне біртіндеп бөлініп, өз 
әсерін тигізеді. Тығьшдарды салардан бүрын әйел міндетті түрде гинекологиялық 
тексеруден өтеді, жатырдың орналасу қалпы анықталынады, салуға болмайтын және 
салынатын көрсеткіштері есепке алынады. 
Тығындарды салуға болмайтын жәйттер: жүктілік, жатыр миомасы, жатырдың іштен 
туа біткен дұрыс орналаспауы, жатыр ішінің деформациясы, жатырдың жедел немесе 
жеделдеу қабынуы, жатыр мойнының жарасы, жатыр денесі мен мойнының қатерлі ісіктері, 
дисфункционалды жатырдан қан кету, қаназдық, мысқа аллергия жағдайлары. 
Тығын асептика және антисептика ережелерін сақтау арқылы аурухана, емхана
жағдайында салынады. 
Ішілетін қосарланған гормонды препараттар 
Қазіргі кезде бүкіл дүңие жүзінде 60-70 млн.әйел жүктіліктен сақтану үшін қосарланған 
гормонды препараттар қолданады.Бұл дәрілердің сапасы жылдан жылға жетілдіріліп келеді. 
Тәжірибе жүзінде гормонды препараттарды қолдану сүт безі мен аналық бездерінің ісік 
ауруларының қаупін 40% дейін төмендететінігі дәлелденген. Гормонды дәрілер дәрілерді 
дәрігер әйелдің гормондық фонын ескере отырып, қарсы көрсеткіштерін анықтап,өзі 
ұсыныс береді. 
Қазіргі кезде қолданылып жүрген гормонды дәрілер 3 топқа бөлінеді:
1 .Бір сатылы.
2.Екі сатылы. 
3.Үш сатылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет