Әсер етуі:
1.Овуляция процесін басады.
2.Жатыр мойны шырышын коюландырады.
3.Әндометрий атрофиясын туғызады.
16-55 жас аралығындағы, бала емізетін әйелдер,эндометриоз,мастопатия, кішкене
көлемдегі фибромиомасы бар әйелдерге қолдануға болады. Депо-провера 3 айда бір рет,
норэтистерат 2 айда бір рет жамбасқа салынады.
Контрацепцивтер-имнлантанттар
Бұл топқа норплант жатады. Норплант-левоноргестрел деген жасанды прогестиннен
тұратын 6 силастикалық капсула. Өте жоғары тиімді әдістердің бірі. Бұл әдістің қолданылу
мерзімі-5 жыл, ал тиімділігі -99%. 6 силастикалық капсула білектің жоғарғы 1/3 бөлігінің
тері астына отырғызылады. Адам ағзасына тигізер жанама әсері жоқ. Ананың бала туу
қабілеті капсуланы алғаннан кейін қалпына келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |