Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Мектептегі музыкалық тәрбие мен білім берудің негізгі қағидалары мен оқытудың жаңа әдістері



бет2/5
Дата18.04.2023
өлшемі56 Kb.
#83728
түріСабақ
1   2   3   4   5
3.2 Техникалық құралдар, материалдар
Оқу әдістемелік кешен,тақта, музыкалық аспаптар, наутбук,электронды оқулық,музыкалық дискілер т.б. Фортепиано, баян, домбыра аспаптары


4. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру кезені
Сабаққа дайындық. Сәлемдесу. 5 Т әдісі бойынша ынта зейіндерін сабаққа аудару.
Ойын арқылы ойнату технологиясы, Сындарлы оқыту теориясына негізделген сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс- тәсілдері: баяндау әдісі, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, түсіндіре-баяндау, миға шабуыл, ой қозғау, салыстыру, талдау, ақпарат беру, сөздік әдістері;
Сәлемдесуді жағымды пікір, ахуал қалыптастыру, бір- біріне тілек, жылы лебіз білдіру


Жаңа тақырыпты баяндау:
Жаңа сабақ жоспары:
1. Сындарлы оқытудың теориясына негізделген сын тұрғысынан оқыту технологиясының мақсат-міндеттері
2. Музыка сабағын оқытудың Сын тұрғысынан ойлау әдістері.
3. Жаңартылған білім мазмұны негіделген Сын тұрғысынан ойлау әдістеріне сипаттама.

Жаңа сабақ жоспары:



  1. Сындарлы оқытудың теориясына негізделген сын тұрғысынан оқыту технологиясының мақсат-міндеттері

  2. Музыка сабағын оқытудың Сын тұрғысынан ойлау әдістері.

  3. Жаңартылған білім мазмұны негіделген Сын тұрғысынан ойлау әдістеріне сипаттама.

Біз 19 ғасырдың білім беру ортасымен, 20 ғасырдың мұғалімдерімен, 21 ғасырдың дағдыларын үйретуге тырысудамыз.
2012 жылғы мұғалім мамандығының халықаралық саммитінің есебінде
2011 жылғы 22–26 шілде күндері Кейптаунда (Оңтүстік Африка) өткен Білім беру
интернационалының VI Дүниежүзілік конгресіне қатысушы мұғалімдердің 80 пайызынан
астамы дәл бүгін білім беруге инвестиция құюдың қажеттігі ерекше маңызды екендігін ресми түрде мәлімдеді, себебі білім беру арқылы адам факторына капитал құю үздіксіз экономикалық дамуға апаратын жол болып табылады. Конгреске қатысушылар әлемдік білім беру қоғамдастығында қабылданып жатқан
шараларға қарамастан, мұғалім кадрлардың сапалылығы проблемасы әлі күнге дейін өзекті екендігін атап өтті . Теңдік, мәдени өзара түсіністік және әрбір адамның жеке бостандықтарын құрметтеу сияқты әлеуметтік құндылықтарды беру және меңгертудегі мұғалімнің маңызы конгресте бірауыздан қабылданған «Болашақты сапалы білім негізінде құру» атты білім беру жөніндегі баяндама қарарында белгіленді.
Болашақ қазақстандық мұғалімдерді оқыту үдерісінде үздік мұғалімдердің
практикалық тәжірибелерін пайдалану Үшінші деңгей бағдарламасының теориялық негіздерін отандық оқыту тәжірибесіне ойдағыдай бейімдеуге болатындығының шынайы дәлелдемесі болып табылады.
Үшінші деңгей бағдарламасы жеті модульден тұрады:
• оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
• сын тұрғысынан ойлауға үйрету;
• оқу үшін бағалау және оқуды бағалау;
• оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
• талантты және дарынды балаларды оқыту;
• оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
• оқытуды басқару және көшбасшылық.
Бағдарламаның мақсаты
• Болашақ педагогтердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан
өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу.
• Әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық
үдерістерге қолдау көрсету.
• Болашақ мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу
дағдыларын қалыптастыруға; түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі
заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін
ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Төменде берілетін әдіс-тәсілдер оқушылардың оқылым,жазылым,айтылым,тыңдалым дағдыларын дамытуға,оушылардың оқуына барынша қолдау көрсетуге бағытталған және музыка сабағын оқытудың талаптарына сай келетін,жаңартылған оқу бағдарламаына негізделіп жасалған.Ұсынылған әдіс-тәсілдер оқушылардың сын тұрғысынан ойлау,білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілетін,роблемаларды шешу қабілетін,қарым-қатынас дағыларын,жеке және топен жұмыс істей алу қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
«Менің есімімнің тарихы» әдісі. (Оқушыларды бір-бірімен таныстыру, олардың бойында құндылықтарды қалыптастыру, адамның туылған кезде есімін қоюға үлкен мән беруге бағыттау, тәрбиелік аспектісін дамыту.)
Оқушыларды бір-бірімен жақынырақ танысады, олардың бойында ұлттық құндылықтар қалыптасады, адамның туылған кезде есімін қоюға үлкен мән беру керектігін түсінеді, зерттеушілік дағдыларын дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет