Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Мектептегі музыкалық тәрбие мен білім берудің негізгі қағидалары мен оқытудың жаңа әдістері



бет5/5
Дата18.04.2023
өлшемі56 Kb.
#83728
түріСабақ
1   2   3   4   5
«Фишбоун» әдісі (постерде). Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау. Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.
«Төрттік» әдіс (әке, ана, бала, дос) Сергіту сәті, топқа бірігу түрі.
Оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру. Оқушының бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтасады. Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша топқа біріктіруге болады және әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасауға болады.


Қорытынды, рефлексия, (нәтижелерді қорғау, іс-әрекетті талдау)
«INSERT» әдісі 5 минут Өзін өзі бағалау парағы таратылады.
Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
Сабақ тақырыбы бойынша өз деңгейінде білім алдым деп ойлайсыз ба?
Бүгінгі мәліметтер бойынша қандай жаңа терминдер немесе әдістермен таныстым деп ойлайсыз ба?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Оқытушы қолданған әдістер тиімді болды ма?
Бақылау сұрақтары:
1.Қазіргі заманауи деңгейлік және жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсат-міндеттеріне сипаттама беріңіз?
2.Оқытудың Сын тұрғысынан ойлау әдістерінің ерекшіліктері мен маңыздылығы неде?
3.Музыка сабағын оқытуда Сын тұрғысынан ойлау әдістерін ің бірнешеуін атап сипаттама беріп мысал келтіріңіз?
Материалды бекіту. 7 мин
С оңғы нұсқаулық. Мектептегі музыкалық тәрбие берудің дәстүрлі әдістері мен принциптері. (1 мин)
1.Сабақты қорытындылау.
2. Қателіктер мен оның себептеріне талдау жасау.
3. Баға қою.


Білім алаушылардың бағалау парағы
Үй тапсырмасын беру
Теориялық тапсырма Лекция жазып келу;
4.Лекцияда берілген жаңа әдістердің біреуін таңдап өзіңіз сабақта қалай пайдаланар едіңіз шағын эссе жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет