Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Мектептегі музыкалық тәрбие мен білім берудің негізгі қағидалары мен оқытудың жаңа әдістері



бет3/5
Дата18.04.2023
өлшемі56 Kb.
#83728
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Саб жоспар қағидалары

«Галереяны шарлау» әдісі. (Талқыланған мәселе, дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау, ерекше идеялар ұсыну.)
Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.
«Құпия қонақ» әдісі (Сабақты бастауға арналған әдіс.)
Бір оқушыға құпия түрде әйгілі бір тұлғаның есімі (сабақ тақырыбына байланысты етіп беру тиімді) және ол туралы біршама мәлімет жазылған парақшаны беріледі. Сыныптың басқа оқушылары ол оқушыға сұрақтар қояды, сұрақтарға тек «ия, жоқ, білмеймін» деп ғана жауап берерлік сұрақтар болуы қажет.Сұрақтар қоюарқылы оқушылар ұпия қонақтың кім екенін табуы қажет.Қойылатын сұрақтар санына шектеу қойсаңызда болады.
«Рейтингин жаса» әдісі. (Сабақты бастауға арналған әдіс.)
Мысалы,
Отбсы
Өмір
Қауіпсіздік
Қозғалыс
Дін
Оқушыларға белгілі бір тақырыпқа жататын бірнеше ұғымды беріп,олардың рейтингін жасауды тапсырылады.мысалы сабақ тақырыбына байланысты трек сөздер беріледі,өздерің маңыздылықтарына байланысты орнықтыруың қажет.
«Ыстық орындық -1, 2» әдісі. (Оқытуда оқушы белсенділігін арттырумен қатар әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау.)
Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын немесе жаңа сабақты қорытындылауға бойынша сұрақтарға жауап береді. 2-ші нұсқа бойынша «Ыстық орындыққа» отырған оқушы сұрақтар қоя алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет