Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Мектептегі музыкалық тәрбие мен білім берудің негізгі қағидалары мен оқытудың жаңа әдістері


«Ақылдың алты ойлау қалпағы» әдісі



бет4/5
Дата18.04.2023
өлшемі56 Kb.
#83728
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Саб жоспар қағидалары

«Ақылдың алты ойлау қалпағы» әдісі. (Оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.) Мәселені барынша мұқият талқылап, оқушының жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолдану.)
Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған), олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді, бағыттайды.
«Айналмалы бекеттер» әдісі. (Идеяларды қорытындылау және кері байланыс жасау үшін.)
Бұл әдіс оқушылардың өзгелердің идеясына сүйеніп,проблеманы немесе мәселені толығымен қамтыуын көздейді,сондай-ақ олардың белсенді болып,жылдам қозғалуын талап етеді.Әр топты өз бекетінің жанына орналсатырасыз.Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап өз идеяларын постерге жазу үшін 10 минут уақыт беріледі.әр топқа әр түсті қалам беріледі,осылайша кім қандай үлес қосқанын көруге болады.
«Өнер және өмір» әдісі.
Сабақ тақырыбына қатысы бар өлеңді,өнер туындысын мүсінді немесе т.б. затты қолданып, оқушыларды тақырып аясында ойлануға ынталандырыңыз.Содан соң сабақ тақырыбын жариялауға болады.
«Шаттық шеңбері» әдісі (сергіту сәті). Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.
«Джигсо» әдісі. Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту. Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.
«INSERT» әдісі. Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру. Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды. Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:W- білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет