Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: «Механикалық беріліс қорабы»



бет3/5
Дата20.01.2022
өлшемі432,85 Kb.
#24134
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жаңа тақырыпты түсіндіру:

а) Беріліс қорабының атқаратын қызметі және түрлері.

Автомобильдердің беріліс қорабы двигательдің айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп беруге арналған. Оның үстіне, автомобильдің жүріс жағдайына байланысты сол моменттің әртүрлі мәндерге өзгерту қажет болады. Автомобильдің жүруге кедергі көбейген кезде, жүріс жылдамдығын азайтып, соның есесінен тарту күшін арттырады, ал керісінше болғанда жүріс жылдамдығын арттырады. Осыған қосымша, автомобиль артқа жүруі үшін, жетекші дөңгелектің айналу бағытын да осы беріліс қорабы іске асырады.

Осындай жұмыстарды іске асыру үшін, беріліс қорабының жұмыс принципі әртүрлі болуы мүмкін. Солардың ішіндегі автомобильдерде көп қолданылатын түрі – ол механикалық беріліс қорабы.

Осыған байланысты беріліс қорабы, алға қарай жүретін беріліске қарай үш сатылы, төрт немесе бес сатылы беріліс қораптары болып бөлінеді.



б) Механикалық беріліс қорабының құрылысы:

Механикалық беріліс қорабы бірнеше механикалық тораптардан құралады. Олар: картер, жетекші білік, жетектегі білік, аралық білік, беріліс шестернялары, ашалар(вилка), берілісті ауыстыру рычагі және синхронизатор. Осы тораптар беріліс санын өзгерту арқылы айналдыру моментін өзгертеді. Беріліс саны дегеніміз жетектелуші бөлшектердің айналыс жиілігінің жетекші бөлшектердің айналыс жиілігіне қатынасы болады. Яғни беріліс қорабының беріліс саны оның жетекші білігінің жетектеуші білігінің айналыс жиіліктерінің қатынасы болады.

Тісті берілістермен жасалған беріліс қорабы, беріліс санын өзгерту үшін өзара тістесетін қосақ тісті дөңгелектердің әртүрлі тіс санына байланысты тіркестерін іске қосады. Мысалы тіс саны аз дөңгелектен тіс саны көп дөңгелек арқылы қозғалыс берілсе, онда айналдыру моменті көбейіп, жылдамдық азаяды, ал керісінше берілсе, онда айналдыру моменті азайып, жылдамдық артады. Автомобильдер қорабында осы принцип пайдаланылады, яғни төменгі берілістерде аз тісіті дөңгелектерден көп тісті дөңгелекке береді, ал жоғарғы берілісте керісінше болады. Сонымен, беріліс санын қанша рет өзгерту керек болса, беріліс қорабына сонша қосақ тісті дөңгелектер қойылады. Автомобильді жүргізуші жүріс жағдайына байланысты сол керекті қосақ тісті берілістерді бір-бірімен тістестіріп іске қосады, ал басқа берілістер бұл кезде ажырап тұрады.

Үш сатылы беріліс қорабының схемасы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет