Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: «Механикалық беріліс қорабы»



бет2/5
Дата20.01.2022
өлшемі432,85 Kb.
#24134
түріСабақ
1   2   3   4   5
Пәнаралық байланыс: Техникалық механика «Тісті берілістер».

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар, схема, макет, тест тапсырмалары, карточкалар, бейнеролик, слайд.

Оқулықтар: 1)Жүнісбеков П.Ж. «Автомобильдің құрылысы және пайдалануы», 2) Алиев Б.А. «Тракторлар мен автомобильдер құрылысы», 3) Михайловский Е.В. «Устройство автомобиля».

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, студенттерді түгендеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру, жаңа тақырыпты баяндау.



  1. Үй тапсырмасын тексеру:

Студенттердің үй тапсырмасына қалай дайындалғандықтарын «Ғажайыптар алаңы» интеллектуалдық ойынын ұйымдастыру арқылы және кейбір жекелеген студенттерге алдын ала дайындалған тест тапсырмалары мен карточкаларды үлестіру арқылы тексереміз. Ойын барысында тақтаға бір ойыншы шығып барабанды айналдырады және ол тоқтаған ұпайдың астында тапсырма жасырылған.

1-ші тапсырма сұрағы: Автомобильдерде қандай қозғалтқыштар қолданылады? Жауабы:Автомобильдерде поршеньді төрт тактілі бензинді (карбюраторлы) және дизельді іштен жану қозғалтқыштары қолданылады.

2-ші тапсырма: Қозғалтқыш қандай негізгі механизмдерден тұрады?Жауабы: Кривошипті-шатунды механизм және газ тарату механизмі.

3-ші тапсырма: Қозғалтқыштың негізгі жүйелерін атаңыз?

Жауабы: Салқындату, майлау, қоректендіру, іске қосу және оталдыру жүйелері.

4-ші тапсырма: Салқындату жүйесі қандай негізгі бөлшектерден тұрады? Жауабы: Радиатор, су насосы, желдеткіш, термостат, су жейделері, үстінгі және төменгі шлангілер, ұлғаю багы.

5-ші тапсырма:Қозғалтқыштарда қандай майлау әдістері қолданылады?Жауабы: Қысыммен майлау, өздігімен ағуарқылы және шашырату арқылы.

6-шы тапсырма: Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі қандай бөлшектерден тұрады? Жауабы: Отын багі, ірі тазарту сүзгісі, майда тазарту сүзгісі, кіші отын насосы, жоғары қысымды отын насосы, отын түтікшелері және форсунка.

7-ші тапсырма: Тақтада көрсетілген газ тарату механизмі схемасындағы бөлшектердің атауларын жазыңыз? Жауабы: 1 – таратқыш білік шестернясы; 2 – жұдырықша; 3 – таратқыш білік; 4 – подшипник; 5 – клапан; 6 – серіппе; 7 – ремень; 8 – маховик;
9 – иінді білік шестернясы.


8-ші тапсырма:Тақтада көрсетілген салқындату жүйесі схемасындағы бөлшектердің атауларын жазыңыз?Жауабы: 1 – жылу желдеткіші; 2 – жылу радиаторы; 3 – су жейделері; 4 – су асосы; 5 – желдеткіш датчигі; 6 - радиатор; 7 - термостат; 8 – желдеткіш; 9 – ұлғаю багі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет