Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: «Механикалық беріліс қорабы»



бет5/5
Дата20.01.2022
өлшемі432,85 Kb.
#24134
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жаңа тақырыпты бекіту:

Беріліс қорабы автомобиль қозғалысының бұраушы моментін, жылдамдығын және бағытын өзгертуге арналады. Оның көмегімен қозғалтқышты трансмиссиядан ұзақ мерзімге ажыратып тастауға болады.

Беріліс қорабының қызметі қозғалтқыштың иінді білігінің айналысын белгілі беріліс саны бар тісті шестернялар арқылы жүріс бөлігіне беруге негізделген. Бұл жағдайда жетектелуші біліктің айналу жиілігі мен бұраушы моменті өзгереді. Жетектелуші біліктің айналу жиілігінің кемуіне сәйкес бұраушы моменті жетектелуші біліктің айналу жиілігі жетекші біліктіктен қанша аз болса, сонша артып отырады.

Беріліс қорабы автомобильдің жетекші доңғалақтарының тарту күшін және беріліс санын үлкейтіп немесе кішірейтіп қозғалыс жылдамдығын өзгерту үшін қызмет атқарады. Сонымен қатар беріліс қорабы автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамасыз етеді. Қораптағы беріліс саны оның жетекші білігінің және жетектелуші блігінің айналу жиіліктерінің қатынасына тең. Беріліс санын беріліс қорабында өзгерту қажеттілігі: автомобильдің орнынан қозғалғанда жылдамдығын жоғарылату және жоғары көтерілгенде кедергі күшті жеңу үшін тарту күшін бірнеше есе өсіруге тура келеді, бұл қозғалтқыштың ең жоғарғы моментімен салыстырғанда. Тарту күшін өзгерту беріліс санын өзгертумен қамтамасыз етіледі.

Соңынан бейнеролик көрсетіледі.



  1. Сабақты қортындылау:

Оқушылардың білімдерін бағалау.

  1. Үй тапсырмасы:

Оқулықтар бойынша: 1) 168-172 беттер, 2) 217-224 беттер, 3.6 суретті сызып келу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет