Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: «Механикалық беріліс қорабы»



бет4/5
Дата20.01.2022
өлшемі432,85 Kb.
#24134
түріСабақ
1   2   3   4   5
Ажетекші білік, Б жетектегі білік, В – аралық білік, Г – артқы жүріс шестернясының осі, 1-8 – беріліс шестернялары

в) Сатылы механикалық беріліс қорабының жұмыс істеу принципі.

Мысалы автомобильді орнынан қозғау үшін бірінші сатыдағы берілісті қосу керек болады. Ол үшін жүргізуші тұтқа арқылы 1-берілістің шлицалы муфтасын жылжытып, сол берілістің тісті дөңгелектерін екінші білікке жалғастырады. Бұл кезде басқа тісті дөңгелектер бос айналыс жасап тұрады. Автомобиль орнынан қозғалғаннан кейін, келесі берілісті қосады. Сөйтіп әрі қарай рет-ретімен қоса береді де автомобильді үдетіп, тиісті жылдамдыққа жетеді

Жоғарыда берілісті қосу үшін ілінісу муфтасын ажыратып, бірінші білікті тоқтату керек деп қарағанбыз. Ол әрине автомобильді алғаш орнынан қозғаған кезде ғана болады. Ал қалған берілістерді автомобиль жүріп келе жатқанда ауыстырады. Ол кезде біліктерді тоқтату мүмкін болмайды. Бірақ, бірінші білік екінші білікке қарағанда жылдамырақ айналатын болғандықтан, муфтаны ажыратқан кезде оның айналысы шамамен жуықтап екінші біліктің айналыс жылдамдығына теңеседі деғ шлицалы муфтаны өз тісті дөңгелегімен жалғастыру онша қиынға түспейді.



Дегенмен, осындай беріліс алмастыруды жеңілдету үшін, көптеген автомобильдерде синхронизаторлар қолданылады. Олардың негізгі міндеті тістесетін екі тісті дөңгелектің айналыс жылдамдықтарын теңестіру болып табылады. Ол үшін оның түсті металдан жасалған іші конус бетті синхронизаторлары болады. Ондай құралғы екі тісті дөңгелекті тістестірмес бұрын, конус бетімен оларға жанасып, үйкеліс күшінің әсерінен екуін бірдей жылдамдықпен айналдырады. Содан кейін ғана оларды бір-бірімен жалғастырады.

Беріліс саны деп жетектегі шестерня тістері санының жетекші шестерня тістері сандарының қатынасына тең өлшемді айтамыз. Мысалы бірінші берілістің беріліс санын мына формула арқылы анықтаймыз:







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет