Сабақ жоспары Сайыстың тақырыбы: «Жаратылыстану әлеміне саяхат»



Дата04.04.2023
өлшемі83,51 Kb.
#78957
түріСабақ



5 сыныптар арасында сайыс сабақ жоспары


Сайыстың тақырыбы: «Жаратылыстану әлеміне саяхат»
М ақсаты:
Білімділік: Оқушыларға табиғи құбылыстардың маңызын түсіндіре отырып, көптеген құбылыстарды мысалға ала отырып,ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру
Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын белсенділігін, ойлау қабілетін,әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту
Тәрбиелік: Өзі тұрған жерінің табиғатын қорғауға, тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, ондағы табиғи құбылыстарды бағалауға, аңғаруға, аялауға баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, түсіндірмелі сұрақтар
Сайыстың түрі: Сыныпаралық
Сайыста қолданатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс
Сайыстың барысы:
1. Топты таныстыру (ұраны, эмблемасы)
2.Кім тапқыр (сұрақ-жауап)
3. Жаратылыстанушы ғалымдар
4. Суретті жұмбақ
5.Сандар сөйлейді
6.Тәжірбие көрсету
1 сайыс: Топты таныстыру әр топ өз-өзін таныстырады
2 сайыс: Кім тапқыр
І – топ сұрақтары:
1.Жаратылыстану ғылымының салалары? (астрономия, физика, география,геология,биология,экология)
2.Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері? (бақылау, тәжірбие жүргізу,қорытындылау)
3.Географияның атасы кім? (Эротосфен)
4.Астрономия дегеніміз не? (аспан денелері туралы ғылым)
5.Жұлдыздар әлемін зерттеуге үлес қосқан ортағасырлық ғалым?(Мұхаммед Тарағай , Ұлықбек)
6.Кеңейтілген жұлдыздар жүйесі?(галактика)
7.Астрономиялық ,физикалық, метеорологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізетін мекеме? (обсерватория)
8.Бізді қоршаған тірі және өлі табиғаттағы денелер мен бұйымдардың барлығы неден тұрады? (заттар)
9.Ұзындық, қашықтық, биіктік өлшемдері үшін қандай өлшем бірлігін пайдаланады?(метр)
10.Атмосферадағы ең жарық әрі қуатты электрлік құбылыс? (найзағай)
ІІ – топ сұрақтары:
1.Жердің полярлық радиусы қанша? (6357 км)
2.Бұл Жер атмосферасының шегінен тыс жатқан тылсым кеңістік ? (ғарыш)
3.Атмосферада және аспан әлемінде болатын құбылыстар кометаның өте ұсақ, сынық бөлшектері?(метеор)
4.Грек тілінде «жұлдыз іспетті» деген не?(астероид)
5.1991 жылы 23 қазанда тұңғыш рет ғарышқа көтерілді?(Т.Әубакіров)
6.Жер бетінің көлемі? (510 млн км)
7.Жердің құрылысы?(жер қыртысы, мантия, ядро)
8.Атом түйіршіктерінен тұратын не?(молекула)
9.Дене бөлшектерінің жылудың әсерінен таралуы, әртүрлі заттардың бір-бірімен араласу құбылысы? (диффузия)
10.Заттардың қасиеттері? (қатты күйі,сұйық күйі,газ күйі)
3 – сайыс: Жаратылыстанушы ғалымдар
Жаратылыстанушы ғалымдардың суреттері беріледі оқушылар сол ғалымдар туралы айтады
4 – сайыс: Суретті жұмбақ
І – топ тапсырмалары:
ӘР СУРЕТКЕ ҚАЖЕТТІ БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛЫН ТАҢДАҢЫЗ:

МАРАЛ СУРЕТІ – ДҮРБІ , МИКРОСКОП , ҮЛКЕЙТКІШ ӘЙНЕК


Ж АПЫРАҚ - ДҮРБІ, МИКРОСКОП, ҮЛКЕЙТКІШ ӘЙНЕК
Табиғатты тану және түсіну үшін ең алдымен не істеуіміз керек?
шулап алу керек

көзіңізді жұму керек


оны бақылау керек


суретке түсіру керек




Бақылау кезінде қалай киінуіміз керек?
сәнді көйлек киіу қажет

қалың киіну қажет


ниндзя секілді киіну қажет


қоршаған ортада білінбейтіндей киіну қажет




Таным неден басталады?
бақылаудан

тәжірибеден


өлшеулерден


сынақтан



ІІ – топ тапсырмалары:


ӘР СУРЕТКЕ ҚАЖЕТТІ БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛЫН ТАҢДАҢЫЗ:

ҚОЯН СУРЕТІ – ДҮРБІ , МИКРОСКОП , ҮЛКЕЙТКІШ ӘЙНЕК


АҒАШ - ДҮРБІ, МИКРОСКОП, ҮЛКЕЙТКІШ ӘЙНЕК, СЫЗҒЫШ


Табиғаттанудың қандай негізгі әдістерін білеміз?
есте сақтау, ойлау, салыстыру

салыстыру мен есте сақтау


бақылау, тәжірибе, өлшеу


өлшеу мен жөндеу




Табиғатты бақылау құралдарын таңдаңыз.

сызғыш, өшіргіш, қалам


терезе, есік, дуал


бақылау, тәжірибе, өлшеу


үлкейткіш әйнек, микроскоп, Жер серіктері


Жиналған материалдарды қалай пайдаланасыңдар?

Қорытынды жазу


Күнделік жазу


Альбом, бүктеме, презентациялау




5 – сайыс: Сандар сойлейді:
І топ тапсырмалары:
1018 – жұлдыздар каталогы
1609 – алғашқы телескопты ойлап тапқан жыл
111- атомның түрі қазіргі ғылымдағы
1969 – айға алғаш рет қонған жыл
22 маусым – Солт жарты шардағы ең ұзақ күн, ең қысқа түн байқалады
ІІ – топ тапсырмалары:
6378 – экваторлық радиус
1961 – Ю.А.Гагариннің ғарышқа ұшқан жылы
149 млн- жердің күннен орташа қашықтығы
1492 – глобусты алғаш рет жасаған жыл
22 желтоқсан мен 22 маусым – қысқы және жазғы күн тоқырауы
6 – сайыс : Тәжірбие көрсету
Әр топ өздері дайындап алып келген тәжірбиелерін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет