Жаңа тақырыпты ашу: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін әр топтағы оқушыларға төмендегі тапсырмаларды беремін. «Ой қозғау»
1. Жазыңыз: 1) х және у сандарының екі еселенген көбейтіндісін;
2) х және у сандарының квадраттарының көбейтіндісін;
3) а санының квадраты мен үш еселенген b санының көбейтіндісін;
4) m мен n сандарының үш еселенген көбейтіндісін.
Дескриптор:
а) есеп шартына сәйкес сандарға амалдар қолданады;
б) санды дәрежелейді;
в) бірмүшенің түрін дұрыс жазады.. Көбейтіндіні дәреже түрінде жазыңыз:
Дескриптор:
а) тең көбейткіштердің көбейтіндісін дәрежеге шығарады;
б) көбейтіндіні дәреже түрінде жазады.
Бағалау Оқушылардан тапсырманы орындап болғаннан кейін жауаптарын топтағы жұбымен тексеруді сұраймын. Жауаптары бірдей ме?, әлде өзгешелік бар ма? Өзгешелік болса, неге? Қате кімнен кетті?-деген сұрақтар қою арқылы сұрау, содан кейін барып таныстырылымнан дұрыс жауапты көрсетемін.
Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаттарды айтылып, бағалау критерийлері таныстырылады..
Жаңа тақырыпты меңгерту үшін BilimLand.kz сайтынан ресурстарды қолданамын.
Ширату: «Айна» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушылар жұптасып тұрады. Екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар рөлдерін өзара ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі.
Жеке жұмыс:Сыныптағы оқушылардың барлығының білім деңгейі бірдей болмайды.Сондықтан оқушылардың қажеттілігін анықтау мақсатында «Бір шешімге келеміз!» әдісі арқылы төмендегідей саралау тапсырмаларын беремін.
1. Бірмүшені стандарт түрге келтіріп, мәнін табыңыз:
Дескриптор:
а) берілген бірмүшені стандарт түрге келтіреді;
б) стандарт түрдегі бірмүше айнымалыларының
мәндерін дұрыс қояды;
в) Өрнектің мәнін дұрыс табады.
2. Бірмүшені стандарт түрде жазып, коэффициенті мен дәрежесін анықтаңыздар:
Бағалау: Топтар арасындағы бағалау максимум 3 балл.
Оқулық: Алгебра 7 сынып
Сабақ соңы
Терезе тік төртбұрышты үш бөліктен тұрады. Суретте көрсетілген өлшемдерін пайдаланып, әрбір бөлігінің және терезенің жалпы ауданын табыңыз:
Дескриптор:
а) берілген суреттегі тіктөртбұрыштың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінің ауданын есептейді;
б) берілген суреттегі тіктөртбұрыштың жалпы ауданын дұрыс табады.