Сабақта оқушылардың АКТ құзыреттіліктері ноутбуктер арқылы интернет желісінен ақпараттар, графиктер қарау арқылы жүзеге асырылады.
Бастапқы білім
Тітіркенгіштік тірі организмдердің ерекшеліктерінің бірі болып табылады (6 сынып)
Жануарлар тітіркендіргішіне адамдар мен жануарлардың жауап беруі реакциясын танып білу (6 сынып)
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
0-5 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын құру.Оқушылардың көңіл-күйін ауа-райының белгілері арқылы анықтауға болады (күн) Сабақ тақырыбын айқындау үшін сұрақтар қою.
Жаттығулар жасатып, сабақ тақырыбын анықтау
1.Жануарлардың (немесе адамның) қозғалысы қалай жүзеге асады? Қалаған қозғалысымызды қай жүйе жүзеге асырады?
2.Неліктен ағзы біртұтас болып қызмет атқарады?
3.Жүйке жүйесінің ағзадағы ролі қандай?
4.Нейрон қандай жүйенің жасушасы?
Мұғалімнің түсіндіріп өтуі жөн. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары-нейрондар түзеді. Олар ақпаратты қабылдау,беру және сақтау қызметін атқарады.Жүйке жасушалары дене,өсінді және жүйке ұштарынын тұрады.
-Дендрит дегеніміз не?
-Аксон дегеніміз не?
Оқушыларға түсіндіріп өту.
«Нейрон және оның құрылысы мен қызметі» сызбанұсқаларын құрастыру.
Оқушылармен бірге сызбанұсқа құрастыру:
1. Жүйке ұлпасы – Нейрон – аксон және дендрит
Ұзын Қысқа
2. Нейрондардың типтері: сезімтал, аралық, қимыл
3. Жүйке жүйесі: орталық және шеткі
Ми мен жұлын жүйкелер, жүйке
ұштары, жүйке түйіндері
4. ЖЖ қызметіне қарай: Вегетативті (ішкі мүшелердің қызметін реттейді) және Сомалық (ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады)