Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі



бет2/4
Дата26.04.2023
өлшемі148,12 Kb.
#87096
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1.Қазақ әдебиеті 9Т-1 Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы

Сөз

Біздің анықтама

Сөздіктегі анықтама

Сөйлем

пір




қолдап-қорғаушы рух, аруақ.




Құлқын






тамақ, кеңірдек




Қара бастың қамы




өз пайдасы




Пақыр




халі мүшкіл байғұс, сорлы.




Томаға




қыран құстың көзін жауып тұру үшін басына кигізіп қоятын былғары тұмылдырық.




Тулақтай




жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін пайдаланатын, кептіріп қатырылған шикі тері.




Тарпаңдай




жабайыланып кеткен жылқы.




Ғазауатқа






мұсылман діні жолындағы қасиетті соғыс. 




Дескриптор:
-жасырынған сөздерді рет-ретімен дұрыс таба біледі;
-сөздерге берген анықтамалары сөздікпен сәйкес келеді;
-құраған сөйлемдері көркем әрі түсінікті.


Оқушылар алғашқы болған топты бағалайды.

Слайд



Сабақтың ортасы
30 минут



Мағынаны тану
Топтық жұмыс. Оқушылар мұғалім құрастырған сұрақтарға жауап береді. Олар өз жауаптарын серіктестерімен талқылайды.
Мұғалім оқушыларға өлең туралы сұрақтары жазылған тапсырма парақтарын таратады. Олар Блум Таксономиясы арқылы бөлінуі қажет. Оқушылар сұрақтарды талқылап, сыныпқа таныстыратын топтық шешім (жауап) қабылдайды.
1-2 топтарға:

Бағалау

Поэмадағы азаттық, тәуелсіздік ұғымдарына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Жинақтау

Бәйтеректі тақырып етіп алудағы ақынның мақсаты неде? Поэмадан қандай қорытынды шығаруға болады?

Талдау

Автор поэмада қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын қалай бейнелеген?

Қолдану

. Өлеңде Елбасы бейнесі қалай бейлеленген?

Түсіну

Автор поэмаға өзекті оқиғаны арқау еткен бе? Бұл оқиға бүгінде өзекті ме? 2 мысал келтіріңіз.

Білу

Өлеңнің идеясы неде? Автор идеясын қалай жүзеге асырған?

3-4 топтарға:

Бағалау

Салыстырыңыз. Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасы мен Маралтай Ыбыраевтың «Көшбасшы» поэмасындағы ортақ идеяны салыстыр

Жинақтау

Қазақ халқының өткен өмірі поэмада қалай көрініс тапқан? 

Талдау

Авторды осы туындыны шығаруға не итермеледі?

Қолдану

Кейіпкер іс-әрекетіне байланысты қандай нақыл сөз, мақал-мәтел айтар едіңіз? Шығармадағы сөз кестелерін, ой айшықтарын тап. Қыл қобыздай, алмастай жарқылдаған, пайғамбардай, ошақтың үш бұтындай, сиырдың бүйрегіндей, ұршықтай, көкжалдай-теңеу, Алатаудың мұзбалағы, Сарыарқа сайын дала-жер кіндігі, Нұрсұлтан-арқа тірек, алтын діңгек, халқы-бала, самсаған қара орманым-байтақ елім-метафора, қызыл тіл, ақ қағаз алтын қалам, ақ сарай, қара қылды, көк дауылы, көк семсер, сайын дала, қара орманым-эпитет). 

Түсіну

Автор поэмаға өзекті оқиғаны арқау еткен бе? Бұл оқиға бүгінде өзекті ме? 2 мысал келтіріңіз.

Білу

Поэмада ұлттық құндылықтар мен адами құндылықтарды көрсететін үш дәлел келтіріңіз.

Оқушылар жұмыстарын сыныпқа таныстырады. Өз жұмыстарын дескрипторларға сәйкес бағалайды.
Дескриптор:
- поэмада көтерілген мәселелерді бүгінгі күнмен салыстырады;
- авторлық идея мен өмір шындығын айқындайды;
- жалпыадамзаттық құндылықтардың шығармадағы көрінісін талдайды.
2-тапсырма. Өлеңнен авторға тән қасиеттерді анықтаңыз. Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін анықтаудағы ойыңызды мысалдармен дәлелдеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет