№1119. Тұйықталған кедергісі 2 • 10-2 Ом сым орамында индукцияланған токтың лездік мәні 5 А тең. Индукцияның ЭҚК-і неге тең?
№1121. 500 сым орамы бар соленоидте 5 мс уақыт ішінде магнит ағыны 7 -ден 3 мВб –ге дейін бірқалыпты кемиді. Соленоидтегі индукцияның ЭҚК-ін анықтаңдар.
№1132. Индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр ұзындығы 2 м өткізгіш 5 м/с перпендикуляр жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіштегі индукцияның ЭҚК-і қандай?
№1146. Өткізгіш орамының индуктивтілігі қандай, егер өткізгіштегі 6,0 А ток күші 12мВб магнит ағынын тудырса? Орамның индуктивтілігі ондағы ток күшіне тәуелді ме?
№1154. Темір өзекшесі бар катушканың индуктивтілігі қанша , егер 0,5 с ішінде тізбектегі ток 10-нан 5 А дейін өзгерсе, ал осы кездегі индукцияның ЭҚК-і 25 В тең болса? Егер 0,1 с ішінде токті бырқалыпты 0-ден 10 А өзгертсе индукцияның ЭҚК-і 60 В болса , катушканың индуктивтілігін анықтаңдар.