Жаһан – алуан түрлі формада болатын әрі удайы өзгеріп отыатын кеңістік пен уақыт бойынша шегі де, шеті де жоқ дүние.
Экожүйе
тірі ағзалар жиынтығының көректену тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи ортада да кіретін тірі табиғаттың негізгі функионалдық бірлігі болып табылады.
Тәртіп
Адам мінез – құлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына не әлдебір ұйымының жарғылық талаптарына сәйкестігі.
Жер ана
Әр халықтың әр ұлттың кінлік қаны тамып, туып өскен жер.
Өркениет
қоғамның материалдық және рухани жетіктіктерінің жиынтығы
Тыңдалым. Адамдардың кінәсінен бұл күндері елімізде бүлінбеген жер қалған жоқ. Табиғатты қорғау дегеніміз – тек қана өсімдік пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жылпы табиғи кешенді сақтап қорғап қалу. Оны тиімді жүргізу үшін ғаламшарымыздағы барлық елдер біріге отырып жұмыс жасауы қажет. Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды арнайы сүзгіден өткізіп, тазалап қайтадан іске қосса осындай жолмен ресурс қорын сақтап қалуға болады. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіруге болады, зауыттар мен фабрикаларда түтінді ұстап қалатын сүзгі, тазалағыш қондырғылар орнатып экологиялық таза отын түрлерін пайдалансақ. Топырақтың құнарлылыған көтеру және оны қалпына келтіру үшін: органикалық және тиісті мөлшерде минералды тыңайтқыштар беру керек.
Жылу электр станцияларындағы, зауыттағы және фабрикадағы түтін шығатын мұржаларға арнайы сүзгі қондырғылар орнатсақ, күл-қоқыстарды өңдейтін зауыттар салып, ормен өрттерін болдырмайтын болсақ – қышқыл жаңбырлардан құтылуға әбден болар еді.
Қоршаған ортаны қорғау үшін дүние жүзінде көптеген табиғатты қорғау ұйымдары бар. Олардың жалпы атауы «ГРИНПИС» (GREEN PEACE) – жасылдар әлемі немесе жасылдар қозғалысы дүние жүзінің барлық елдерінде жұмыс істейді.