Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы



бет4/5
Дата14.11.2022
өлшемі249,5 Kb.
#50011
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
«Жасыл белдеу» бағдарламасы және экология

1 – тапсырма.
Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Табиғатты қорғау дегеніміз не?


2.Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды қалай тазартады?
3.Топырақтың құнарлылыған көтеру үшін не істеу керек?
4.Қоршаған ортаны қорғау үшін дүние жүзінде қандай ұйымдар бар?
5. Мәтінненің негізгі идеясы неде?



Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді

Мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.



Бірінші сұрақтың жауабы: Табиғатты қорғау дегеніміз – тек қана өсімдік пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жылпы табиғи кешенді сақтап қорғап қалу.
Екінші сұрақтың жауабы: Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды арнайы сүзгіден өткізіп, тазалап қайтадан іске қосса осындай жолмен ресурс қорын сақтап қалуға болады.
Үшінші сұрақтың жауабы: Топырақтың құнарлылыған көтеру және оны қалпына келтіру үшін: органикалық және тиісті мөлшерде минералды тыңайтқыштар беру керек.
Төртінші сұрақтың жауабы: Қоршаған ортаны қорғау үшін дүние жүзінде көптеген табиғатты қорғау ұйымдары бар. Олардың жалпы атауы «ГРИНПИС» (GREEN PEACE) – жасылдар әлемі немесе жасылдар қозғалысы дүние жүзінің барлық елдерінде жұмыс істейді.
Бесінші сұрақтың жауабы: Табиғат – адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана, бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өніп-өсер мекені.
2-тапсырма.


«ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
«Менің ойымша, ......»
«Себебі мен оны ........ деп түсінемін.»
«Оны мен ...... деген фактілермен дәлелдеймін.»
«Осыған байланысты мен ............... дегеншешімге келдім.»

Бағалау критерийі

Дескрипторлары

Мәтін бойынша жұмыс

  • мәтін мазмұнын түсінеді;

  • мысалдар, фактілер арқылы дәлелдейді;

  • қорытынды жасайды.









1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет