Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы



бет2/5
Дата14.11.2022
өлшемі249,5 Kb.
#50011
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
«Жасыл белдеу» бағдарламасы және экология

Кіріспе бөлім


Сабақтың ортасы



Барлық адам жер бетінде өмір сүру үшін түрлі қолайлы жағдай жасап, техникалық озықтыққа жетіп, тұрған жеріне, табиғатқа көп зиян келтіруде. Әрине, даму және озықтыққа жету адамзатқа қажет, бірақ болашақты ойлау, әр істеген ісіңе жауапкершілікпен қарау – бұл парыз.
« Миғa шaбуыл» әдісі
Балалар, суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын.


Адамға дем алу үшін не керек? Таза ауа керек.
Жылыну үшін не керек? Күн, от керек.
Шөлді қандыру үшін не керек? Су керек.
Өмір сүру үшін не керек? Жер керек.

Адамның табиғатсыз күні бар ма?


Дұрыс, адамның табиғатсыз күні жоқ. Адам табиғаттың бір бөлшегі, табиғат пен адамның бөлінбейтін біртұтас дүние екендігін ұмытпауымыз дұрыс.
Қоршаған ортаға, экологияға, табиғатқа зиян келтіретін не? Қалай ойлайсыздар?
Дұрыс. Заводтар, фабрикалар, машиналардың түтіні, кәсіп орындар, түрлі өндіріс орындары, экология апатты аймақтар т.б.
Сонымен балалар, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы - Ұлттық экология бастаулары».
Сабақ мақсатымен, бағалау критерийімен таныстырамын.
Сабағымыздың мақсаты:

  • тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,ақпараттың шынайлығы мен нақтылығын анықтау;

  • сөйлеу барысында тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, өз көзқарасын дәлелдеу.


Бағалау критерийі:
- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
- ақпараттың шынайлығы мен нақтылығын анықтайды;
- қажетті аргументтерді орынды қолданады

Жеріміз, табиғатымыз, өзіміздің тіршілігіміз туралы айтуымыз міндет, себебі бүгінгі күнді ойламасақ, болашақ ұрпаққа не қалдырамыз?


Экология дегеніміз не? Ойланайық.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет