1-тапсырма. Сыныпта талқылау.
(МК, Ұ) «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбы аясындағы алғашқы сабақ өмірдегі қарама- қайшылық тақырыбын қарапайым мысалдар арқылы көрсетумен қатар, музыкада ол қаншалықты көрінеді деген мəселені шешуге бағытталған.
(ОТ) Оқушылар оқулықтағы суреттен түрлі дұрыс жəне бұрыс əрекеттерді бағалай отырып, олардың дұрысы мен бұрысын екіге жұптайды. Оқушыларға осы бағытта төмендегідей сұрақтар қойылған:
Берілген суреттердегі оқушылардың іс-əрекетін қалай бағалар едің (дұрыс, бұрыс, жақсы, жаман)?
Өмірден жақсыдан үйренетін, жаманнан жиренетін қандай мысалдар келтірер едің?
Сабақта музыкадағы (қарама-қарсылық) контраст тақырыбы қозғалады. Оқулықта музыкадағы қарама- қарсылық тақырыбына оқушыларға ой салатындай түйіндеме де келтірілген.
«Байқайсың ба, өмірдің бəрі қарама-қарсылықтан тұрады: күн – түн, жарық – қараңғы, ақ – қара,
«Жақсы мен жаман» тақырыбына суреттер (мектептегі, үйдегі, қоғамдық көліктегі оқушылардың тəртібі жəне т.б.)
жақсылық – жамандық, жаз – қыс. Қарама-қарсылық музыкада да кездеседі. Мысалы, көңілді – мұңды, тез – баяу, форте – пиано».
Мұғалім өзі де алдын ала «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбына байланысты суреттер дайындап алып, талқыға мысалдарды өзі ұсынуына да болады.
2-тапсырма.Музыка тыңдау жəне талдау.
(МК,Ұ) Екінші тапсырмада музыкадағы көңіл күйді сезінуге халық əні «Жүгіріп шықтым белеске» ұсы- нылған.
Əнді дəстүрлі əншілер де, эстрада əншілері де орындап жүр. Оқушылар əнді бейнежазбадан əнші Б. Самединованың орындауында тыңдайды. Мұғалім басқа орындаушыны немесе өздеріне ұнаған мажорлы көңіл күйдегі əндіытнаңадау болады.
Алғашқы тыңдалымда əн сөзінсіз үнтаспадан тыңда- лады.
Оқушылар төмендегідей тапсырма түрлерін орындайды:
«Жүгіріп шықтым белеске» халық əнінің əуенін тыңда.