М. Оқушылармен бірге тапсырмамен жұмыс жасау барысында түсініктерді айқындайды жəне үш тілде айтып беруді сұрайды.
Түсінік: Регистр – музыкалық аспаптардың немесе əнші дауысының белгілі бір биіктікте орналасқан дыбыс диапазонының бөлігі: жоғары, ортанғы, төмен.
Очень красивая радуга. Very beautiful rainbow: https://www.youtube
.com/watch?v=szsui ZYMzOE
М. Бесінші тапсырмада əнді үйретер алдында немесе үйретіп болған соң, оқушыларға кемпірқосақ туралы бейнетаспа үзіндісін көрсетуге болады.
«Кемпірқосақ».Өлеңін жазған: А. Асылбек.
Əнін жазған: Ə. Бүшікова
М. Тапсырманы бекіту барысында оқушыларға
«Көңілді кемпірқосақ» суырыпсалма ойынына түсінік беріп топқа бөліп ойнатады. Ойынның шарты бойынша тақпақты құрастырған əуенімен қосып орындау.
Шарты.Əр оқушы өз тобымен бірге тақпақтың əр жолына до, ми, соль ноталарын пайдаланып қарапайым бір жол əуен құрастырады.
Мазмұнына қарай көркемдеуіш құралдарды (екпін, ырғақ, дыбыс биіктігі, форте, пиано – динамикалық белгілерді) пайдаланады. Көтеріңкі көңіл күйде мəнерлеп, əдемі орындауды, шулы аспаптармен сүйемелдеуді талап ету керек.
М. Жетінші тапсырманы орындау кезінде оқушыларды топпен бірге жасаған ойынды келесі сұрақтар арқылы бағалауды сұрайды.
(МК,Ұ) 7-тапсырма. Бағалау.
Ойынның шарты бойынша тақпақты құрастырған əуенімен қосып орындау.
Мына сұрақтарға жауап беру:
Əуенді шығару барысында қандай қиындықтарға тап болдың?