Түсінік: Табиғатқа қатысты: қоршаған орта, жан- жануарлар, өсімдіктер, жер, ауа, күн мен түн, ай мен жұлдыздар, су, өзендер мен көлдер, таулар мен дала, орман жəне адам. Ол жанды жəне жансыз табиғатқа бөлінеді.
Жандыжəне жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі жан-жануарлар, өсімдіктер жəне адамның өзі күн, жылу, су, ауа болмаса, өмір сүре алмайды.
Табиғатқа қатысты емес:адамның қолымен жасалынған заттар (мысалы, музыкалық аспаптар, музыкалық шығармалар, əндер).
М.: Бұл тапсырмада оқушылардың алған білімдерін, берілген суреттер арқылы тəжірибе жүзінде түсінгендерін анықтайды. Қандай суреттер табиғат құбылыстарын, ал қандай суреттер адам қолымен жасалынғандығын көрсетуді талап етеді. Оқулықта берілген сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына қысқаша қорытынды жасайды.
Оқулық. Оқушылар суреттерді талдайды, сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
Адам жасаған музыкалық аспаптар мен нота жазбаларын табиғи заттарға жатқызуға бола ма?
Табиғат пен музыканың байланысын табиғатқа арналған əндер мен түрлі музыкалық шығармалар арқылы көруге бола ма?
Музыкалық аспаптар табиғат құбылыстарын сала ала ма?
Төртінші тапсырманың мақсаты – шығарма үзіндісін тыңдау барысында аспаптардың дауыстарын ажырату.
(МК,Ұ) 4-тапсырма.Тыңдау. Талдау.
«Қазақ жері» («Тұран» этнофольклорлық ансамблінің орындауынан үзінді).
М. Оқушылардан бейнетаспаны тыңдап көріп, шығарманы талдауды талап етеді.
Берілетін сұрақтар: – Шығарма орындалғанда көз алдыңа нені елестет- тің?
– Қандай аспаптардың дыбысын естідің? Суреттерден тауып ал.
М. Оқулықта берілген суреттермен жұмыс жасау барысында оқушылар шығарманың мазмұнына жəне аспаптардың дыбыс бояуына көңіл бөліп, суреттерді талдап, мына сұрақтарға жауап беруді талап етеді:
Аспаптар табиғаттың қандай көріністерін бейнелейді? Түсінгенін айтып беру.
Аспап дыбыстарының айырмашылығы неде?
Аспап дыбысының шығуы немен байланысты?
Екінші сыныпта өткен тембр (дыбыс бояуы), регистр туралы түсініктерді естеріне түсіруді ұйғарады.