М. Оқушылардан А. Жұбановтың «№1 тəжік биі»,
«№2 тəжік биі» шығармаларының орындалуын бейнетаспадан тыңдауды талап етеді. Олардың назарын staccato, legato, nonlegato штрихтарын анықтауға бағыттайды. Оқулықта берілген нота үзінділермен салыстырып, штрихтардың жазылуына көңіл бөледі.
Сұрақтар:
Композитор шығармаларында қандай штрихтарды пайдаланды? Анықтаңдар.
Олар қалай дыбысталады?
Музыкада staccato, legato жəне nonlegato
штрихтары не үшін қолданылады?
М. Екі бидің негізгі əуендерін «ля»-ға staccato, legato жəне nonlegato штрихтарымен орындауды жəне айырмашылығын табуды, «штрих» туралы түсінігін айтып беруді оқушылардан талап етеді.
Түсінік: Штрих дегеніміз – бір немесе бірнеше дыбысты əртүрлі шығару тəсілі.
№2, А. Жубанов): https://www.youtube
.com/watch?v=BaB6 Y6mYnjE
(МК,Ұ) 6-тапсырма. Əнді орындау.
М. 1. «Киіз үй» (Өлеңін жазған: Қ. Баянбаев. Əнін жазған: Ж. Тұрсынбаев) əннің екінші шумағы мен қайырмасын оқушыларға əн үйрету талаптары бойынша айтқызады.
Оны мəнерлеп, əдемі айтуды талап етеді.
Əннің ырғағын шапалақпен немесе пластикалық қимылдармен ақырын сүйемелдеуді тапсырады.