(Мк. ОТ) 4-тапсырма. Əуен құрастыру.
М. – Өлең жолдарын негізге алып, оқушыларға əуен құрастыруды ұсынады. Кейбір оқушыларға өзі көмектеседі.
О. – Əннің 1-шумақтың төрт жолын оқиды жəне ырғақтық сурет арқылы əуен құрастырады.
М. Бесінші тапсырма С. Сейфуллиннің əншілік жəне поэтикалық шығармашылығына арналған.
(Мк,Ұ) 5-тапсырма. Тыңдау жəне талдау.
М./О. С. Сейфуллиннің «Көкшетау» əнін бейнетаспа- дан тыңдайды, оқулықта берілген мына сұрақтар арқылы талдайды:
– Əннің əуені мен сөзіне көңіл бөл. Олардың
байланысы мен айырмашылығы неде?
– Шығарманың көңіл күйі қандай?
– Екпіні қандай?
тынық
жарық
қадала
көңілді
аянышты
əзілқой
күңгірт
əдемі
көркем
асықпай
Əн қандай ладта (мажор/минор) жазылған?
Əнші өзін қандай аспаппен сүйемелдеді?
%D0%BB%D0%B8
%D0%BD
О. Оқулықтан С. Сейфуллин туралы ақпарат алады, мұғалімнің қосымша берген қысқа мəліметін жəне
«Көкшетау» əнін тыңдайды.
Оқушылардың мүмкіндігі болса, əннің қайырмасын əншіге қосылып айтуға болады.
Оқулық.С. Сейфуллиннің суреті мен түсінік. Тыңдау. Көкшетау (Өлеңі мен əнін жазған: С.Сейфуллин).
Қосымша: «Тау ішінде» (əні-өлеңі С. Сейфуллиндікі): Қ. Байбосыновтың орындауында: https://www.youtube
.com/watch?v=LaA D7H128Ww
1. Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен-сауын.