М. Оқушыларды сазсырнай аспабымен танысуды осы реттілікпен жалғастырады.
Тыңдау. Сазсырнай аспабы («Балдырған» күйінен үзінді). Авторы: А. Құдайбергенов.
Оқулық. Сазсырнай аспабының суреті.
Үшінші тапсырманың мақсаты – осы аекі аспапқ байланысты оқушыларға «Сыбызғы, сазсырнай» əнін үйрету.
М. Əнді орындап береді, оқушылармен бірге мазмұнын əңгімелейді, талдайды жəне бірінші шумағын үйретеді.
(МК,Ұ) 3-тапсырма. Тыңдау, орындау жəне талдау.
Тыңдау жəне орындау (1-шумағын) Сыбызғы, сазсырнай. (Өлеңін жазған: Ш. Сариев. Əнін жазған: В. Питерцев)
– əннің бірінші шумағын үйрену, мəнерлеп орындау.
О. Сұрақтарға жауап береді:
– Əн адам бойындағы қандай сезімді оятады?
(нəзіктік, сүйіспеншілік, лəззат немесе мейірімділік
сезімдерін толғандырып орындау)
– Бұл əнде жанды табиғат қалай сипатталған?
– Əнді орындағанда қандай көркемдеуіш құралдарды пайдаланар едің?
Осы тапсырманың аяғында оқушылар екі аспаптың атауларын үш тілде айтады:
М. Тақырып аясында оқушылар Б. Төлегенованың орындауында «Бұлбұл» əнін (музыкасын жазған Л. Хамиди) тыңдайды. Талдау барысында мұғалім оқу-шылардың назарын əннің мазмұнына, əншінің орындау шеберлігіне көңіл бөлу тиіс.