– Əншінің орындауында қандай жанды табиғат
бейнесін (дауысын) көз алдыңа елестетуге болады?
– Орындаушы əннің көңіл күйін не арқылы жеткізіп тұр?
(МК,Т) 5-тапсырма.Суырыпсалма. Таныстыру.
М. «Жанды табиғат көрмесі» суырыпсалма ойынын топтық жұмыс түрінде өткізеді.
О. Осы тапсырманы орындау барысында мына
шарттарды орындау тиісті.
Ойын. «Жанды табиғат көрмесі» (суырыпсалма ойын).
Шарты. – Оқулықтағы суреттерде берілген жанды табиғат көріністерін өз дауысыңмен, шулы аспаптар немесе түрлі дене қимылдары (пантомима, би жəне т.б.) арқылы көрсет. Топпен ақылдасып, таныстырылымға дайындалады.
М. Таныстырылымды жүргізу барысында мына та- лаптар мен сұрақтарды ұсынады.
Жұмысын сынып алдында ұсыну.
Суреттерді өзіңе таныс қандай музыкалық аспаптар арқылы бейнелеуге болады? Мысалы: сазсырнай, сыбызғы, қобыз, шаңқобыз, домбыра, даңғыра жəне басқа таныс аспаптар. Түсінігін айтып беру.
М. Сабақ соңында оқушылармен, алдыңғы сабақта үйренген «Кемпірқосақ» əнімен жұмысын жалғас- тырады. Үйрету кезеңінде олардан мына талаптардың орындалуын қадағалайды: