3-тапсырма.Орындау.
(МК,Т) Мұғалім оқушыларға музыкалық калейдос- коптың өткен сабақтарда танысқан атақты тұлғалармен байланыстылығын атап өтеді.
Оқулықтағы ойын шарты төмендегідей:
Музыкалық калейдоскоп (ойын) Оқулықта атақты тұлғаларға, олардың шығармала- рына байланысты суреттер берілген. Əр суреттің сол тұлғаға қатысы бар.
Ойын шарты: Екі топ суреттер бойынша бөлініп, берілген суреттерден жұлдызша құрастыру керек.
Оқулықта А. Жұбанов пен Ақан серінің өміріне, шығармашылығына байланысты материалдар
берілген. Сабақ барысында калейдоскоп балалардың осы тұлғалар жөнінде қаншалықты білетінін көрсетеді. Бір жағынан, ассоциациялық ойларын дамытуға тигізер ықпалы айтарлықтай.
Мысалы, Ахмет Жұбановтың тұлғасын дирижерлік таяқша, дирижер қолы, кітап (А. Жұбановтың ғалым ретіндегі бейнесі), ақ көгершін суреті, ноталар құрайды. Ақан серінің тұлғасын үкілі домбыра, құмай тазы, жылқы, бүркіт, қамшы құрайды. Екі тұлғаға қатысты бейнелі суреттер араластырылып қойылған. Оқушылар оны əр тұлғаға қатысты жинақтауы керек. (МК) Мұғалім басқа да ассоциациялық суреттер жинақтауына болады.
2-тапсырма. Таныстыру.
«Атақты тұлғалар» атты музыкалық калейдоскоп та оқушылардың топтық жұмыс түрін қарастырады. Орындалу талаптары оқулықта көрсетілген.
Үш топқа бөліну: «Ақан сері», «Құрманғазы»,
«А. Жұбанов».