(МК,Ұ) Оқушылар шығармаға жəне оны орындаған оркестрге сипаттама жасайды.
«Бейнежазбадан «День Победы» (Жеңіс күні) əнін тыңда.
«День победы» əні қандай музыкалық жанрда жазылған (марш, би сипатында, лирикалық)?
Музыкалық шығарманы қандай аспаптармен орындаған?
Қалай ойлайсың, салтанатты үлкен шерулерге қандай оркестр (симфониялық, əскери оркестр, үрлемелі аспаптар оркестрі халық аспаптар оркестрі, эстрадалық оркестр) қатысады?»
Жеңіс күніне арналған материалдар https://www.youtube.com/watch?v=_5ZLNI8zfkw День Победы Өлеңін жазған: Г.Харитонов, Əнін жазған:
Д. Тухманов военный духовой оркестр https://www.youtub e.com/watch?v=PFn YgqCQR0U
3-тапсырма.Зерттеу.
(МК,Ұ) Əскери оркестрдің маңызын білгеннен кейін оқушылар оның құрамымен танысады.
Мұғалім əскери оркестр құрамындағы үрлемелі аспаптар пішінімен, үнтаспадан дыбысталуымен таныстырады.
Балалар өткен сабақтар тəжірибесіне сүйене отырып, өздері пішіні жөнінде əңгімелей алады (ұлуға ұқсайды, мүйізге ұқсайды жəне т.б.).
Мұғалім алдын ала слайд дайындайды. Оқулықта əскери үрлемелі оркестр кесте түрінде ұсынылған
4-тапсырма.Үйрену.
(МК,Ұ) Оқушылар «Егемен елім» (өлеңін жазған: О. Нұрмахан, əнін жазған: А. Алмағанбетов) əнін үйренеді.
1. Көңілім күмбез күн еді, Тегінде бастау тілегі. Ұрпағы сайын даланың Елім деп соққан жүрегі. Бұзылмас бірлік қаймағы, Жасампаздығы жайдары. Сөгілмес кие ақ сауыт, Ұлтымның ұлан айбары. Қайырмасы: Даладан алып кеңдікті, тұмарлап сəби теңдікті, Байрақты биік көтердік, қастерлеп егемендікті.
Оқушылар назарын əннің өлең жолдарына аударып, мазмұнына талдама жүргізгеннен кейін, əн үйренеді. Əннің бірінші шумағының төкпелі қайырмасының лирикалық сипаттылығы жөнінде əңгіме қозғалуы тиіс.
5-тапсырма.Орындау.
Əн хорға лайықталып жазылған. Əн толықтай үйретілгеннен кейін топтық түрде орындауға болады. Əн бірінші шумағының 1, 2, 5, 6-тармақтарын ұлдар,
3, 4, 7, 8-тармақтарын қыздар орындайды, қайыр- масында бəрі бірігіп орындайды.
Сабақтың соңы
6-тапсырма.Таныстыру жəне бағалау.
Сабақ соңында əнді қайта орындау жəне бағалау керек.