қысқаша түрде түсінік алады. «Қазіргі кезеңде біздің Қазақстанда экология жəне табиғатты қорғау тақырыбы – көкейкесті мəселелердің бірі. Ол телерадиода, ғаламтор желісінде, халықтың ортасында жан-жақты талданып жатыр.
Сені де бұл мəселе толғандыруы тиіс. Себебі сен туған жеріңнің табиғатын қорғауға осы жастан бастап дайын болуың керек. Осы тақырыпқа байланысты сыныппен бірге бейнетаспаны тамашала».
Сабақтың ортасы
(МК,Ұ) 1-тапсырма. Тыңдау жəне талдау (жалғасы). М. Оқушыларға «Қазақстан экологиясы» бейнетаспаның авторы Махмұтова Гүлзат, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы №3 орта мектебінің түлегі туралы түсінік береді жəне көрсетеді. Олар мына сұрақтарға жауап беріп, талдауға қатысады.
Фонохрестоматия Қазақстан экологиясы: https://www.youtube.com/watch?v=M1P-9HPsffU
Сұрақтар:
Бейнетаспада автор қандай мəселені көтерген?
Қандай көріністер сені қатты ойландырды, толғандырды?
Сен туған жерді көркейту үшін қандай жұмыстар жасар едің? Пікіріңді айт.
Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікті музыка арқылы көрсетуге бола ма?
М. Сабақ тақырыбының негізгі ойын жалғастыру үшін «Отан-Ана» əнінің үзіндісін тыңдатады жəне төменде берілген сұрақтар бойынша жауаптарын
«Туған жерімізді аялайық» деген түсінікке оқушыларды жетелейді.
Тыңдау. Отан-Ана (Өлеңін жазған:
Т. Молдағалиев. Əнін жазған: Қ. Шілдебаев).
Жерім құлпырды, барын берем деп, Елім жасап-ау жатыр ерен еңбек. Ырысымыз тасып жатыр,