(МК,Ұ,О) Келесі талқыланатын мəселе – күйдің осы күнге дейін жетуі. Оқушылар салыстырмалы түрде күйдің бүгінгі күнгі эстрадалық өңделімдегі нұсқасын тыңдайды. Оқулықта осы тарапта төмендегідей тапсырмалар берілген:
Дəулеткерейдің «Көрұғлы» күйін домбырада ғана емес, бүгінгі күні оркестрдің, этно-рок тобының орындауында да тыңдауға болады. Əлемге аты əйгілі
Күйдің жеке домбыра жəне этно-рок тобының орындаудағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ата. (МК,ОТ) Күйдің негізгі əуенінен мұғалім үзіндіні жеке көрсетуіне болады. Себебі, балаларға күйдегі əуен сақталғанын ұқсастық ретінде көрсете білуі керек. Ерекшеліктерін сипаттауда балалардың жинақтаған музыкалық тəжірибесіне сүйену керек.
2-тапсырма. (Ұ)Сыныптық талқылау. Бұл тапсырманы оқушылар ұжымдық түрде оқулықтағы суретке қарау арқылы талқылайды. Танысқан музыкаларының болашақта қандай болып орындалуы жөнінде де пікірлерін сараптап, оқушылардың қиялына шабыт беру қажет.
Оқулықта талқыланған сұрақтар:
Суретке қарап, Дəулеткерейдің «Көрұғлы» күйін жеткізушілерін қандай уақыт кезеңдеріне жатқызар едің (бұрынғы, бүгінгі, болашақ)?