2. Алкандардың химиялық қасиеттері.
1. Жанады:
С Н4 + 2О2 СО2 + 2Н2О + 880кДж
С 3Н8 + 5О2 3СО2 + 4Н2О + Q
2. Қатты қыздырғанда көмірсутектер жай заттар – көміртегі және сутегіне ыдырайды:
С Н4 С + 2Н2 – Q
С 2Н6 2С + 3Н2 – Q
3. Галогендермен әрекеттеседі. Егер хлор мен метан қоспасын жабық шыны цилиндрде жарық күн сәулесіне қойса(тура күн сәулесіне қойса жарылыс болуы мүмкін), онда сары – жасыл түсті байқауға болады.
Метанның хлормен реакциясының жүйелі тізбегін мынадай қысқа сызбанұсқамен көрсетуге болады:
С Н4 СН3Сl CH2Cl2 CHCl3 CCl4
Осыған ұқсас хлор басқа көмірсутектермен де өзара әрекеттеседі. Мысалы:
С Н3 – CH3 + Cl2 CH3 – CH2Cl + HCl
CH3CHCl2 + HCl
CH3 – CH2Cl + Cl2
CH2Cl – CH2Cl + HCl
Алынуы:
1. Қазіргі кезде алкандарды негізінен мұнай мен басқа да табиғи көздерден алады. Ұнтақ тәрізді көміртегіні сутегімен никельдің қатысында қыздырған кезде метан және басқа көмірсутектер түзіледі:
С + 2Н2 СН4
2. Көптеген алкандарды алуға галогеналкандарды натриймен әлсіз қыздырып, өңдеуге негізделген Вюрц реакциясы пайдаланылады, мысалы:
2 СН3СН2СН2Br + 2Na CH3(CH2)4CH3 + 2NaBr
Қолдану. Көмірсутектер жанған кезде көп жылу бөлінуі олардың отын ретінде пайдаланылуына себеп болады. Сұйық көмірсутектер машиналардың, ұшақтардың , т.б. іштен жанатын двигательдері үшін жанармай ретінде пайдаланылады.
АЛКАНДАР
Достарыңызбен бөлісу: |