Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Даривхан Нургул 74мг пән/Сынып: Қазақ әдебиеті, 6-сынып



Дата26.04.2023
өлшемі24,69 Kb.
#86964
түріСабақ

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Даривхан Нургул 74МГ

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 6-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

4-тоқсан,6 -апта, №10 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

5-бөлім:Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

Сабақтың тақырыбы:

Расул Ғамзатов «Ана тіл» өлеңі

Оқу мақсаттары:

А\И4 Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу;

Сабақ мақсаты:

- Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады;

Бағалау критериі:

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды;

  • Автор бейнесін ашады;

  • Өлең бойынша кейіпкердің ой-пікірін жазады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?
6-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: Расул Ғамзатов «Ана тіл» өлеңі

  • Бүгінгі сабақта:

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды;

  • Автор бейнесін ашады;

  • Өлең бойынша кейіпкердің ой-пікірін жазады.

Сенің білетінің:

  • Өлеңді мәнерлеп оқи аласың;

  • Автор бейнесін аша аласың;;

  • Өлең бойынша кейіпкердің ой-пікірін жаза аласың.

Оқушыны сабаққа назар аударту

кесте, презентация, электронды құралдар.

3-5 минут

Жаңа сабақ

Миға шабуыл сұрақтары:
1.Расул Ғамзатов қай жылы,қай жерде дүниеге келген?
2. Қай жылдан бастап өлең жазды,алғашқы кітабы қашан жарық көрді?
3. Шығармаларының тақырыбы қандай?









1-3 минут



Тапсырмалар

1- Тапсырма.Түсіну. Расул Ғамзатовтың «Ана тілі» өлеңін тыңдау, түсініксіз сөздермен жұмыс.


Ассамблея- халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы.
Авар- Дағыстандағы тұрғын халық тілі. Дағыстан- Ресей Федерациясының Солтүстік Кавказ федералды округінің құрамына кіретін, елдің оңтүстігінде орналасқан республика. Асау- жүген-құрық тимеген, қолда ұсталмаған ат (бие).
Мәтін бойынша сұрақ- жауап:
1. Өлең не туралы?
2. Ақын өлеңіне қандай оқиғаны арқау етеді?
3. Өлеңнің негізгі идеясын анықта.
4. Қазақтар өз тілін неліктен ана тілі деп атайды?
5. Ана тілін жырлаған қандай ақындарды білесіңдер?
Дескриптор:
- Өлеңді тыңдайды, мазмұнын түсінеді;
- Сұрақтарға жауап бере отырып, өлеңнің негізгі идеясын анықтайды;
- Ана тілі туралы түсінік қалыптасады.
2-тапсырма. Автор бейнесін анықтау үшін «Түсіндірме күнделігін» жүргізу

Өлең үзіндісі

Ақын ойы

Менің түйгенім

Өзге бір тіл емдер басқаларыңды, Мен онымен айта алмаймын әнімді. Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін- ақ.

Туған тілді сүю, құрметтеу, сол тілде сөйлеу, тілі үшін жанын беру

Бұл өлең жолдары арқылы ақын кімде кім өз тілінде сөйлеп, тілі үшін жанын беру керек екені туралы, тілдің қасиетті ұғым екенін жеткізеді.

Дескриптор:
- Үзінді арқылы ақын ойын анықтайды;
- Өз түйгенін жазады.
3- Тапсырма. «Синквейн» әдісі арылы «Ана тілі» сөзіне бес жолды өлең жазу.
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
Дескриптор:
- Шығарма туралы мәліметті толтырады, тәрбиелік мәнін анықтайды;
- Ана тілі сөзіне бес жолды өлең құрастырады.









2 минут

Бекіту



Бекіту сұрақтары:

  • Өлеңді мәнерлеп оқидың;

  • Автор бейнесін аша білдің;

  • Өлең бойынша кейіпкердің ой-пікірін жаздың.










1 мин




Қосымша тапсырма:
Расул Ғамзатовтың «Ана тілі» өлеңін жаттау.








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет