Сабақты қорытындылау. Табиғи ресурстардың маңыздылығына көңіл аудара отырып, оны тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырдық.
БАҚ материалдарынан стилистикалық ауытқудың түрлерін ажыраттық.
Мәтін үзінділеріндегі қисынсыз тіл оралымдарын түзеттік.
Сөйлемдегі айқындауыш мүшелердің қолданылуын талдадық.
Қосымша тапсырма: Табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі – орман ресурстары, яғни ағаштар. Орман алқаптарының азаюы және оның алдын алу туралы проблемалық эссе жазыңдар. Эсседе айқындауыш мүшелердің болуын ескеріңіздер.