Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Дюсенова Сауле Зариповна Ә. Марғұлан атынағы №40 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


-тапсырма. Үзіндіде орынсыз қолданылған сөз оралымдарының екі себебін анықтаңыз



бет4/5
Дата07.02.2023
өлшемі36,25 Kb.
#65751
түріСабақ
1   2   3   4   5
3-тапсырма. Үзіндіде орынсыз қолданылған сөз оралымдарының екі себебін анықтаңыз
Бұл ресурстардың қайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәуірде бірнеше миллиондағандар жыл бойында түзілген.

А. Көптік жалғауларды кейбір көптік мәні бар сөздерге жалғау


Ә. Сөз мағынасын жете түсінбеу
Б. Сөздің мағыналық үйлесімділігінің ерекшеліктерін білмеу
В. Сөйлемде екі бастауышты қатар қолдану
4-тапсырма. Үзіндідегі қисынсыз тіл оралымдарына түзетулер енгізіңіз
Қосқа кіре бергенде дем алмақшы болып, оның жылқылары дүркірей қашты.
А. Қосқа кіре бергенде дем алмақшы болып
Ә. Оның жылқылары дүркірей қашты
Б. Қосқа кіре бергенде
В. Дүркірей қашты
Тілдік бағдар
Сөйлемнің айқындауыш мүшесі сөйлем ішіндегі бір сөзді заттық жағынан айқындап, мағынасын ашып, түсіндіріп тұрады. Айқындауыштың үш түрі бар:
1) оңашаланған айқындауыш; 2) қосалқы айқындауыш; 3) қосарлы айқындауыш.
Оңашаланған айқындауыш өзінен бұрын тұрған сөздің мағынасын нақтылайды, өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес, тұлғалас болады. Мысалы, Абай бұл сырдың шет жағасын досына, Ерболға ғана, сездірді.
Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады.Мысалы, Ер Қосай, Алпамыс батыр, Біржан сал
Қосалқы айқындауыш өздерінің айқындайтын сөзінен дефис арқылы бөлінеді. Мысалы, Жер-ана, әйел-ана, ақын-сазгер.
5-тапсырма. Берілген сөйлемдерден айқындауыш мүшелерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.
1.Сарқылмайтын қор адам баласына, бізге тәуелсіз болып келеді. 2. Ертеде Жер-ана кіршіксіз таза болған. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады. 3. Сіздер маған өз халқыңызды, қазақ халқын сүюді үйреттіңіздер. 4. Уақыт біз үшін, еңбек адамдары үшін істейді. 5. Біз, жастар, кең байтақ жеріміздің табиғатын қорғау жолында аянбай еңбектенуіміз керек.




2 минут

Бекіту



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет