Сабақ жоспарының Үлгісі



бет3/4
Дата13.01.2023
өлшемі3,65 Mb.
#61202
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
22 -сабақ Негізгі және туынды етістік 1-сабағы (3)

Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді тыңдаңдар.
Мен қалай оқуға бардым?
Мен қалай оқуға бардым? Менің Әбіш деген құрдасым бар еді. Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам, кітабында жұмбақ, мақал, өлең, басқа да жақсы сөздер көп екен. Оқу үйренсем, мен де сондай оқыр едім деп ойға қалдым. Үйге қайтып келдім. Оқуға барамын дедім. Әкем мен апам бұл ойымды ұнатты. Ертеңіне әкем мені оқуға апарып берді.
/Ахмет Байтұрсынұлы/

• Тыңдалған мәтін бойынша бір-біріңе сұрақ қойыңдар.


• Мәтін неліктен үш бөлікке бөлінген? • Әр бөліктің тақырыбын анықтап, оларға ат қойыңдар.


Дескрипторлар:
Тыңдалған мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қояды.
Әр бөліктің тақырыбын анықтайды.
Әр бөлікке ат қояды.


Жазылым
• Төмендегі сұрақтардың жауабын жаз.
1. Әбіш маған кім болады?
2. Мені не қызықтырды?
3. Мен не істедім?


Өзіңді тексер!
ҚБ. Өте жақсы.
• Өзіңнің мектепке барған алғашқы күнің есіңде ме? Ойыңмен бөліс.
Суретпен жұмыс
Сурет мазмұнын болжа.

Әлидің күнделігін оқы.

2 ақпан 2017 жыл.


Бүгін сыныбымызбен Ах­мет Байтұрсынұлының мұражайына бардық. Бұрын Ахмет Байтұрсынұлы тұрған үй 1998 жылы мұражайға айналыпты. Мұражайда 3 зал бар екен. Ол кісінің әр жылдардағы фотоларын көрдім. Шығармаларымен таныстым. Мұражай маған ұнады. Бұл күн мен үшін ерекше әсерлі күн болды.

• Күнделік дұрыс жазылған ба? Ойыңмен бөліс. Әлиге қандай кеңес бересің?




Дескрипторлар:
Сурет мазмұнын болжайды.
Күнделікті оқиды.
Әлиге кеңес береді.
Өзіңді тексер!
ҚБ. Жарайсыңдар!

Мәтінмен жұмыс жасау машықтары артады. Жүйелі сөйлеуге дағдыланады.

Көркем, сауатты жазуға машықтандыру


Болжам жасау



Мәтінді тыңдайды. Тыңдалған мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Мәтін бөліктерін анықтайды. Әр бөлікке ат қояды.

Сұрақтарға жауап жазады.


Сурет мазмұнын болжайды.


Кейіпкерге кеңес береді.

Презентация № 4 бет

Презентация № 5 бет

Презентация № 6 бет


Презентация № 7 бет


Презентация № 8 бет

8 минут

Тақырыпты меңгеру машығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет