«Бір үзік ой» әдісі бойынша әр
білім алушы лексикалық тақырып
бойынша бір сөйлеммен ойын
айтады.
|
Әр білім алушы сабақтан түйген ойын бір сөйлеммен айтады.
|
|
3. Рефлексивті бағалау кезеңі / Рефлексивно-оценочный этап
|
3.1 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезені /
Этап информации обучающихся о домашнем задании:
|
Үй тапсырмасы:
І топ.
1. Мақал-мәтелдерді жаттау.
2. Қазақтың ұлттық тағамдарының пайдасы туралы әңгімелеу.
ІІ топ
1. Сөздерді жаттау.
2.«Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбына диалог құрастыру.
|
Үй жұмысын
жазып алады.
|
|
3.2 Сабақты қорытындылау / Подведение итогов урока:
|
Оқушылардың сабақтағы белсенділігін бағалау, баға қою. Сабаққа рефлексия өткізу.
|
Оқушылар сабақты бағалайды.
|
|
Кеспе қағаз №1
Мәтінмен жұмыс.
І топ.
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. “Ас – адамның арқауы”,“Астан үлкен емессің”–деген ұғымдар бар.
Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген.
Құрметті кісілерге ұсынатын кәделі әрі орны бөлек тағамдардың ең бастысы - қазақша ет (бесбармақ). Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді.
Бас тарту - сыйлы қонақтарға, алыстан келген құрметті кісілерге бас тарту оларды қадір тұтудың бір белгісі.
Шұжық - барлық малдың етінен жасауға болады, бірақ жылқы етінен жасалған шұжыққа ештеңе жетпейді.
Нан – ас атасы. Ұлт дастарханында нанның орны мен бағасы өте зор. Нан қазақ ұғымы мен салтында қасиетті, киелі ас. Оны жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне зат қоймайды. Нанды бір қолмен үзудің өзі күнә. Нан астың басы, құдыреті әрі символы. Үйге келген адамға да дәм ауыз тигізгенде де алдымен нан ұсынады.
Бауырсақ – халықтың ертеден келе жатқан кәделі, ұлттық тағамы. Қазақ дастарханының ажары. Әр адам оны сүйсіне жейді.
Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол. Қазақ халқы “ақты төкпе”, “ақты аттама” , “ақты ысыраптама, малдың желіні кетеді” деген қағида қалыптасқан ел ішінде
Халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін әрі сусын, әрі ұлттық тағам.
Ұлы Жамбыл: «Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі – қымыз» – деп жырлаған.
Шұбат түйе сүтінен жасалатын бағалы сусын. Шұбат қымызға қарағанда дәмді, жұмсақ, майлы, әрі қоюлау.
Құрт – қой, сиыр сүтінен жасалады. Той кезінде шашу салтанатына да құрт араластырады.
ІІ топ.
Достарыңызбен бөлісу: |