Тақырып бойынша қосымша сұрақтар Шаруашылықтың қоғамдық формалары мен үлгілерінің (модельдерін) қандай түрлерін Сіз білесіз?
Бартер мен ақшалай айырбастың айырмашылығы неде?
Айырбаста игіліктердің пайдалығын қалай салыстыруға болады?
Ақшаның атқаратын қызметтерін атаңыз?
Тапсырма 1. Сіздің ойыңызша қандай пайымдаулар натуралдық шаруашылық және тауарлық шаруашылықты сипаттайды және олардың айрықша ерекшеліктері неде?
тұйық экономикалық бірлікте дайын өнімнің өндірісі және оның тұтынуы жүреді;
еңбек процесі жекелеген қоғамдық таптар шегіндегі шаруашылық байла-ныстарында мәжбүрлі түрде белгіленетін дәстүрлерге, салттарға негізделеді;
өндіріс меншік иесінің жеке және жалдамалы жұмысшы күшін қолдануға негізделген;
өндіріс процесі өндірушілердің өздерінің тұтынуы үшін шамадан тыс жоғары қосымша өнім бермейтін аз өнімділікті еңбек құралдарын қолданумен жүргізіледі;
дайындалған өнім меншік иесіне тиісті және рынокта ерікті түрде сатылуға бағдарланған;
экономикалық эволюция өте баяу жүреді, кейбір жетілдірулер мен қайта құруларды жүргізуге жүздеген жылдар кетеді;
қоғамның жылдам экономикалық прогресі еңбек өнімділігінің жоғары қарқынды өсуі және өнім ассортиментінің динамикалық кеңеюі есебінен жүреді;