Сабақ жүргізудің Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент, 2019



бет32/32
Дата20.09.2022
өлшемі393,5 Kb.
#39569
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
3. Интернет көздері

  1. Әдебиет теориясы. Оқу құралы. 2019 172бет Жарылғапов Ж.Ж.,Такиров С.У.

  1. Жаңа педагогикалық технологиялар. Оқу құралы. 2018http://aknur-medet.kz

  1. Экономикалық теория негіздері 2016 Исатаева Г.Б.http://aknur-medet.kz

  1. Экономикалық теория негіздері 2016 Исатаева Г.Б.http://aknur-medet.kz

  1. Экономикалық теория 2016 Жұманазар С.А.http://aknur-medet.kz

Білім алушылардың семинарлық сабақта білімін бағалау өлшемдері
Семинарлық сабақ- дәрістен кейін жүргізілетін, пәннің негізгі бөлігін оқытады. Семинарлық сабақ семинарлық есептер шығарумен, жағдаятты шешумен, іскерлік ойын жүргізумен, коллоквиум түрінде жүргізіледі. Семинарлық сабақта студент өткен сабақтар бойынша барлық тапсырмаларды орындауы керек, сонда ғана студент толық сабаққа қатысты деп есептеледі.
Семинарлық сабақты ұйымдастыру мен өткізу төмендегілерді қоса алғанда бірнеше маңызды мақсаттарға жетуге септігін тигізеді:

  1. пән бойынша алған теориялық білімдерін түсіну,талқылау жәнетереңдетіп меңгеруге;

  1. студенттердің басқа студенттің тақырып бойынша алған білімін бір-бірімен пікір алмасу арқылы меңгеруге мүмкіндіктері болады;

  1. тақырыпқа қажетті материалдар арқылы тәжірибе жасай алады, тақырыпты терең меңгеру үшін нақты есептерді шағыруға мүмкіндік болады

Білім алушылардың семинарлық сабақта білімін бағалау өлшемдері келесі кестеде көрсетілген.



баға

бағалау өлшемдері

«Өтежақсы»

- білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен
- қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған,
- бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан,
- коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген,
- үй тапсырмаларын орындаған,
- ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан,
- пәнді оқып-үйрену барысында ездігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған,
- бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«жақсы»

- егер ол бағдарламалық материалдарды жақсы игерсе,
- бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген,
- коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындаған,
- оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған,
- ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын,
- негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген,
- бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«қанағаттанарлық»

-егер ол оқу бағдарламасы материалдардың кем дегенде 50% игерген,
- бұған қоса үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен,
- коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған,
- зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған,
- тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген,
- материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

«қанағаттанарлықсыз»

-егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген,
- пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген,
- жауаптарында елеулі кателіктер жіберген,
- ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған,
- бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет