Сабақ жүргізудің Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент, 2019



бет1/32
Дата20.09.2022
өлшемі393,5 Kb.
#39569
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
4-НОВ-МУ по семин.




ТЕМИРОВА Ж.Ж.
«Экономика және бизнес» пәнінен практикалық сабақ жүргізудің


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ

Шымкент, 2019




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ж.Ж.Темирова

«Экономика және бизнес» пәнінен практикалық сабақ жүргізудің




ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Шымкент-2019ж


УДК 378(075.8)
ББК 65.01я73

Құрастырушылыр: Ж.Ж.Темирова Экономика және бизнес пәнінен практикалық сабақ жүргізудің әдістемелік нұсқаулығы.- Шымкент: ОҚМПУ, 2019. – 40 б.

Кіріспе

«Экономика және бизнес» курсы барлық мамандықтар мен дайындық бағыттарында жүргізілетін базалық пән болып табылады. Аталған пән студенттерге экономика жүйе ретінде екендігін, негізгі түсініктері, экономикалық дамыдың категориялары, заңдары жайында мәлімет береді. Бұл өз бетінше ойлай білетін және жауапты шешім қабылдай алатын экономикалық білімді мамандықтарды тәрбиелеуге әсер етеді.


«Экономика және бизнес» пәнінің мақсаты мыналар болып табылады:
-нарықтық экономика жөніндегі біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;
-өндіріс, материалдық көмектерді бөлу мен қолданудағы және шектеулі ресурстар әлеміндегі адамдар әрекетін түсіндіру;
-көптеген микро және макрокөрсеткіштер есебіндегі теория мен тәжірибесін меңгеруге көмек көрсету;
-экономикалық ойлау стилін қалыптастыру.
«Экономика және бизнес» курсынан алған теориялық білімдерін бекіту үшін әдістемелік нұсқауда тапсырмалар берілген, сонымен қатар студенттерге нақты жағдайларды шешуге және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кейбір тапсырмалардың орындау үлгілері де көрсетіледі.
Практикалық сабақтары мамандықтардың оқу жоспарында көрсетілген әр пәнге бөлінген сағаттар бойынша жүргізіледі.
Практика сабағының айырықша міндеті – лекцияны тыңдау нәтижесін және қажетті әдебиеттермен жұмыс істегеннен кейін әрбір тақырыптың сұрақтары бойынша студент білімін тереңдетіп, оны жете меңгеруге тиісті; жоғары оқу орнында осы пәннен алған білімін оны бітіргеннен кейін де толықтырып, жетілдіруге тиісті; семестр бойынша студенттердің өз бетінше ізденіп, семинарға дайындалғанына жүйелі бақылау жасау қажет.
Практика сабағы оқытушы және студент үшін де оқу процесінің күрделі және қиын формасы болып табылады. Семинар сабағын жүргізу барысында оқытушы студеттің жауабына дұрыс көңіл бөліп, уақтысында шешім қабылдап, студенттердің белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті.Семинар сабағының белсенді түрде өтуі оны дұрыс ұйымдастыра алуына, топтың дайындығына тікелей байланысты.
Практика сабағын жүргізу мен ұйымдастыру келесідегідей талаптарды қойылады:

  • семинар сабағы пәннің оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылып өткізіледі;

  • семинар сабағы студенттердің академиялық топтық құрамымен өткізіледі;

  • семинар сабағы әдістемелік ұсыныстармен қамтамасыз етілуі керек;

  • семинар сабағын қажетті оқулықтармен, ақпараттық-анықтама әдебиеттермен қамтамасыз етілуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет