(Т) 1- тапсырма«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады.
А) Тағам түрлеріне зер сал. Осы тағамдарды берілген нақыл сөздерге қарай топтастыр. Түсіндір.
Ә) Мәтінмен жұмыс.
«Түскі тамақ» өлеңін мәнерлеп оқыңдар.
- Өлеңде аталған тағам түрлерін атап айтыңдар. Әр тағам түріне қатысты 3 сөз атаңдар.
- Ақын сұрағына жауап беріп көріңдер. Түскі асқа не қалайсыңдар?
Бір-біріңмен пікір бөлісіңдер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға: -Адам өміріндегі тамақтанудың маңызын сен қалай түсінесің?
Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді.
(Т, Д) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісімен жүзеге асырылады. Дәптермен жұмыс болады.
А) «Ас – адамның арқауы» деген тақырыпта топ алдында
сөйлеуге дайындалыңдар және сөйлеңдер.
Ә) Өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді тауып, дәптерге жазып алыңдар.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
- Тамақтану тақырыбына сай мақал-мәтелдер айт.
Суреттерді топтастырады.
Өлеңді оқиды.
Сұрақтарға жауап береді.
Билеп сергиді.
- Топта сөйлейді. Негізгі ойды жазып алады.
Дескриптор:-
- Тағамдарды берілген нақыл сөздерге қарай топтастырады-1балл.
-Өлеңді мәнерлеп оқиды-1балл.
- Тағам түрлерін атап, оларға қатысты сөздер айтады
-1балл.
- Түскі асқа не қалайтыны жайлы пікір бөліседі-1балл.
Дескриптор: - Ас – адамның арқауы» деген тақырыпта пікір білдіреді-3балл.
- Негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып, жазып алады -1балл.