(Ұ) 1- тапсырма.
А) «Тізбек» әдісі: «Бақыт құсы» мәтінін тізбектей, дауыстап оқыңдар.
Ә) Сөздік жұмысы:
Қырсыз – жалқау, икемсіз.
Қырау түсе бастаған кез – қартая бастаған шақ.
Б) Автор - Ы.Алтынсарин туралы әңгімелеңдер.
В) Сұрақ-жауап:
- Ертегіден көкейіңе не түйдің?
-Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар.
Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады
Кейбір оқушыға:
-Кейіпкердің орнында болсаң, қарияның ақылынан кейінгі іс-әрекетің қандай болады?
Сергіту сәтінде «Қаражорға» әуенімен билейді.
(т) 2- тапсырма
А) «Кейіпкерге хат» әдісі.Бақыт құсын қайтару үшін Әмзеге қандай кеңес бересіңдер? Кейіпкерге хат жазыңдар.
Ә) «Рөлдік ойын». Шығарманы рөлге бөліп сахналап көрсетіңдер.
Б) Мақалдың мағынасын түсіндіріңдер.
Бақыт та қонбайды.
Қайратты ерге мал тұрар,
Өнерлі ерге бақ тұрар.
Адам бақтың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі.
Баталы ұлға бақ қонар.
Саралау тәсілі «Диалог және қолдау көрсету» арқылы жүзеге асады
Кейбір оқушыға:
- Сыныптастарыңа ертегі мазмұнын анықтауға арналған сұрақтар құрастырып, жауабын ал.
|
- Мәтінді түсініп, тізбектеп оқиды.
-Сөздікті жазып алады.
- Автор туралы әңгімелейді.
Сұрақтарға жауап береді.
Билеп сергиді.
Кейіпкерге хат жазады.
Шығарманы рөлге бөліп сахналайды.
Мақалдың мағынасын түсіндіреді.
|
Дескриптор:
- Мәтінді түсініп, тізбектеп оқиды-1балл.
- Сөздікті жазып, жаттап алады-1балл.
- Автор туралы әңгімелеп, шығармаларын атайды-1балл.
-Сұрақтарға жауап береді-1балл.
Дескриптор:
-Кейіпкерге кеңес беріп, хат жазады-1балл.
- Шығарманы рөлге бөліп сахналап көрсетеді-2балл.
Мақалдың мағынасын түсіндіреді-1балл.
|