Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі
(білім беру мекемесінің атауы)
Оқыту іс-әрекетінің жоспары
(теориялық немесе тәжірибелік сабақ)
« Кәсіби өнердің негізгі жанрлары»
(сабақтың тақырыбы)
Модульдің /пәннің атауы Музыка және музыкалық білім беру әдістемесі
Дайындаған педагог Жакина А.М.
«27» қараша 2021 жыл
1. Жалпы ақпарат
Курс, топ IV, БББ 41
Сабақ түрі: аралас
2. Мақсаты, міндеттері
Музыканы өнер ретінде,және өмірмен байланыстылығын түсіндіру.
3. Оқыту іс әрекетінің барысында үйренетін іскерлік дағдылар мен күтілетін нәтижелердің тізімі:
- Музыкалық қарапайым элементтеріне үйретуі.
- Оқушылардың музыкалық ырғақты сезінуі, есте сақтауы мен ести білу қабілетін дамыту.
- Музыкаға қызушылығын арттыру, және тәрбиелеу.
4. Қажетті ресурстар
Лекциялар, оқулық, видеосабақ, сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/8388?lang=ru
электронный учебник
https://www.youtube.com/playlist?list=PLCZ6Ox1-6l5ImDTBuUwd4V1rIM3F9Ofji
5. Сабақ барысы
Қазқтың кәсіби музыкасының негізі 1920 жылдардан бастап қалыптаса бастады. Сол жылдары өнер салаларының қай-қайсысында болмасын кәсіби өнерге бетбұрыстар жасалды. Қазақстанның әр түрлі қалаларында хор, музыка, драма үйірмелері жүмыс істей бастады.
1930 жылдары қазақтың жазба кәсіби музыка өнерін дамытуға
А. Затаевич, И. Коцык, Д. Мацуцин, А. Жүбанов, Е. Брусиловский,
Б. Ерзаковичтар белсене кірісті. Олардың біразы Ресейден музыкалың білім алған, тез арада кәсіби музыканы дамытып, музыкалық білім беруді үйымдастыру үшін Қазақстанға арнайы шақырылған мамандар еді. Сол жылдардан бастап-ақ кәсіби композиторлардың төл туындылары фортепиано сүйемелдеуімен орындала бастады, сондай-ақ халық сазгерлерінің күйлері бірнеше аспаптың қосылуы арқылы орындалып, оркестрге бетбүрыс жасалды. Алғаш рет Мүхтар Әуезовтың "Айман-Шолпан" пьесасы бойынша жасалған музыкалық драмасында Қүрманғазының "Ақсақ киік" күйінің негізінде "Қоян бүркіт" биі қойылды, халық күйі "Қара жорға", "Келіншек" күйлері де осы пьесадан орын алды.
Бейімбет Майлиннің "Шүғаның белгісі" драмасында да қазақ күйлері қолданылды. 1934 жылы қойылған Ғабит Мүсіреповтың "Қыз Жібек" пен 1935 жылы Б. Майлин либреттосы бойынша жасалған "Ер Тарғын" операларының баршасы дерлік халық ән-күйлеріне негізделген.
Оның бәрін де музыкасын өңдеп, жаңалап операсын оркестрмен бір жүйеге келтірген Е.Г. Брусиловский болды. Операдағы ариялар мен ансамбльдерге, көпшілік сахналарындағы хорға негізінен халық әндері алынса, жалпы хореографиялық сценаларға қазаң күйлері негіз болды. Сөйтіп, "Айжан қыз", "Кеңес", "Алтынай", "Балбырауын күйлері" мерекелі жиын-той сценарияларында орынды үлес тауып, опералық шығармалардан орын алды. Қазақтың халың музыкасын, музыка мәдениетін өркендетуге мол үлес қосқан көптеген сазгерлер өздерінің опера, симфониялың шығармалары, оратория, кантатата балеттеріне, т.б. күрделі шығармалар енгізді.
Жоғарыда айтылғандай, Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан", "Жалбыр", "ЕрТарғын", т.б. операларына, Ахмет Жүбанов пен Латиф Хамиди бірігіп жазған "Абай" операсына, "ТөлегенТоқтаров " операсына, М.Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсына, Е.Рахмадиевтың "Абылай хан", "Қамар сүлу", "Алпамыс батыр", т.б. операларына, "Дайрабай", "Қүдаша-думан" симфониялық поэмаларына,
С. Мүхамеджановтың "Жүмбаң қыз" операсы, "Ғасырлар үні" ораториясына, Ғ. Жүбанованың "Аңсақ қүлан" симфониялың поэмасына, "Аңқүс туралы аңыз" және "Хиросима" балеттері, т.б. шығармаларына, Қапан Мусиннің "Жайлауда" симфониялық поэмасына тағы да көптеген композиторлардың шығармаларына арқау болған, негіз болған қазақтың халық шығармашылығы мен қазаң халық сазгерлерінің шығармашылығы болды.
Мысалы, Ғазиза Жүбанованың " Ақсақ қүлан" симфониялық поэмасында қазақ халңының аңыз-күйі " Ақсаң қүлан" тақырыбына негізделген аңыз-күй симфониялық шығармасы жаңа қырынан ашылды. Қазақ сазгерлерінің ішінде симфониялың шығармаларды бірінші болып жазған Қапан Мусин - өзінің "Жайлауда" симфониялық поэмасында халық әндерін алғаш рет қолданушылардың бірі болды. Ол осы симфониялың поэмасына , қазаңтың халық әні "Ақдариғаны" пайдаланды. Қазақтың халық музыкасын өзінің симфониялық шығарма- ,
Опера - сахнада қою үшін жазылған көлемді музыкалы-драмалық шығарма. Операдағы барлық бейнелер сөзбен қимыл, музыка арқылы жеткізіледі. Оны орындауға жеке орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |