Сүйектердің түрлерін салыстырмалы түрде кестеге толтырып жазыңыз:
Ұзын сүйектер
Қысқа сүйектер
Жалпақ сүйектер
Аралас сүйектер
Есепті шығару: Дене салмағы 30 кг , арқа бұлшық еттерінің күші 80 кг , қол динамометриясының күші 35 кг болатын оқушының қол басы күшінің көрсеткіші, арқа бұлшық етінің күші, Брок немесе бой-салмақ көрсеткіштерін анықтап нормамен салыстыру
22) Есепті шығару: Дене салмағы 30 кг , арқа бұлшық еттерінің күші 80 кг , қол динамометриясының күші 35 кг болатын оқушының қол басы күшінің көрсеткіші, арқа бұлшық етінің күші, Брок немесе бой-салмақ көрсеткіштерін анықтап нормамен салыстыру. Арқа бұлшық етінің күші: АК = S__
P
S- арқаның күші / кг/; Р – дене салмағы / кг/.
Дене салмағын анықтау. Р- дене салмағы. Дене салмағын медициналық таразымен өлшейді. Дене салмағы көптеген экзо-және эндогендік әсерлерге байланысты. Дене салмағы тірек қимыл жүйесінің, ішкі мүшелердің дамуының, өсуінің негізгі айғағы. Оның максимальды түрде артуы, әсіресе қыз балаларда 13, ал ұл балаларда 15 жаста байқалады. 18-25 жасқа дейін дене салмағы көбейіп, кейін 40-46 жасқа дейін дені сау адамдарда бірқалыпта сақталады.
Дене салмағын анықтау: Р =10+2 * n N – жасы
Бұл индекстің орта мөлшері: ер баларада 2,5, ал қыз балаларда 1- 1,5-ке тең.
Динамометрия- қол басы бұлшық еттерінің және арқаны жазатын бұлшық еттердің күшін анықтайтын әдіс.
d- қол басының күші. Қолды иық деңгейінде жазып ұстап, динамометрді саусақтарына қатты қысу керек. Өлшеу 3 рет қайталанады да, ең жоғарғы көрсеткіш есепке алынады.
Қол күшінің орта көрсеткіші ер балалар үшін 40-45 кг, ал қыз балалар үшін- 30-35 кг. S- арқа бұлшық еттерінің күші. Динамометрдің платформасын екі аяқпен басып, тізені бүктеп, екі қолды тізенің деңгейінде ұстап құралдың тұтқасын жоғары тартып, арқаны біртіндеп жазу керек.
Арқа бұлшық етінің ер балаларда 130-150 кг, қыз балаларда 80-130кг болады.
Қол басы күшінің көрсеткіші: ҚКК = d x 100%
P
Р- дене салмағы (кг), d- қол басының динамометриясы. Бұл индекстің орта мөлшері: ер балаларда 60- 70 %, қыз балаларда- 40-50 %,
Брок немесе бой-салмақ көрсеткіші:
Егер бойдың ұзыныдығы:
150 мен 165 см аралығында болса 100
165 пен 175 см аралығында болса 105
175 см ден көп болса 110
Алынып тасталады, ол анықталған айырмашылық осы бойға сәйкес келетін дене салмағын көрсетеді.
Берілгені:
P=30kg
S=80kg
d=35kg
ҚКК=?
АК=?
Брок немесе бой салмағы=?
1) ҚКК=
2) AK=
3) L=?
P=10+2n
30=10+2n
n=10 jas
L=75+5n
L= 125 boi
Брок немесе салмағы
125-100=25
Қорытынды:
Қорытындылай келе, бүгін біз физикалық әдісті индекс арқылы анықтау жұмыстарын жүргіздік. Оны анықтац үшін бізге белгілі формулалар және салмақ, бой, арқа бұлшық ет күші динометрия өлшемдері керек болды.
Қол басы күші: Бұл индекстің орта мөлшері: ер балаларда 60- 70 %, қыз балаларда- 40-50 %
Біздің есепте ол 116,6 % көрсетті. Яғни ол нормаға сәйкес келмейді.
Арқа бұлшық етінің күші: Бұл индекстің орта мөлшері: ер баларада 2,5, ал қыз балаларда 1- 1,5-ке тең.
Біздің есепте 2,6 шықты. Егер кейіпкер қыз болса нормаға сай емес. Егер бала болса шындыққа жақын көрсеткіш.
Брок немесе бой-салмақ көрсеткішін табу үшін бізге бой көрсеткіші керек. Біз оны есептеп шығарып алдық. Сол кезде бойы 125-ті көрсетті яғни бұл бізде 10 жастағы бала.
Және бойынан 100 алғанда 25 саны шықты. Ол анықталған айырмашылық осы бойға сәйкес келетін дене салмағын көрсетеді.