Сабақ кестесін жасаңыз


Ішкі секреция бездерін кестеге толтырып жазыңыз



бет12/21
Дата26.12.2022
өлшемі0,89 Mb.
#59762
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
КЯЛ, ФИЗИОЛОГИЯ СЕССИя❗❗❗ (копия)

Ішкі секреция бездерін кестеге толтырып жазыңыз:

Бездердің түрлері

Бөлетін гормондары

Гормондардың әсер етуінен пайда болатын аурулар













  1. Кестені толтыру «Ас қорыту жүйесі»

Ас қорыту жүйесінің мүшелері

Құрылысы

Қызметі










Ас қорыту жүйесінің мүшелері
А)Ауыз қуысы
Б)Жұтқыншақ
В)Өңеш
С)Қарын
Д)Ас ішек
Е)Тоқ ішек Б) Мұрындық бөлік, ауыздық бөлік, көмейлік бөлік.
Өңеш адамда түтік тәрізді, ұзындығы 25 см-дей, диаметрі созылғанда 16 – 22 мм , қалыңдығы 3,5 – 5,6 мм.Оның қабырғасын:ішкі – кілегейлі,ортаңғы – етті,сыртқы – көкірек құрсақ бөліктерін сірлі қабық,мойын бөлігін қан тамырының сыртқы дәнекер қабығы құрайды.
Ол өз кезегінде құрылысы мен организмдегі орналасу орындарына байланысты үш бөліктен : он екі елі ішек, аш ішек және мықын ішек. Ащы ішектің қабырғасы үш қабықтан: сыртқы — сірлі, ортаңғы — етті, ішкі — кілегейлі қабықтардан құралған.Кілегейлі қабығының ішкі бетінде сору қызметін атқаратын бүрлер және ішектің ішкі бетін астарлайтын бірқабатты призма тәрізді эпителий жасушаларының апикальды жиектерінде, ішектің сору ауданын 30 еседей ұлғайтатын микробүрлер болады. Он екі елі ішектің куысына бауырдың ет өзегімен — өт, ұйқы безі өзегімен ас қорыту ферменттеріне бай — ұйқы безінің сөлі келіп құйылады.
асқорыту жүйесінің соңғы бөлімінің ортаңғы бөлігі. Оның қабырғасы ішкі — кілегейлі, ортаңғы — етті және сыртқы —сірлі қабықтардан тұрады. Оның кілегейлі қабығында ішек бүрлері болмайды. Ол бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Тоқ ішекте қорытылған қоректік заттар толығымен сіңіріліп, қорытылмаған азық қалдықтары нәжіс түрінде сыртқа шығарылады.

Ауыз куысында тағам механикалық өңдеуден өтеді:ол шайналынады, көлемі кішірейіп , ұсақталады, сілекеймен араласып жұмсарады, жұтылады .


Жұту кезінде Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жұмсақ таңдай арқылы ауыздық бөліктен бөлінеді, көмей қақпашығы көмейді жабады да, ас жентегі мұрын мен көмейге өтпей өңешке бағытталады.Жұтқыншықтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамшабездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады.
Оның міндеті - асқазанға тамақ пен сұйықтықты белсенді түрде жылжыту. Өңеш шығаратын шырыш тағамды асқазанға тегіс сырғып кетуі үшін тегіс етеді.
Тағам қорыту жүйесінің қапшық ұқсас кең болып келетін қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын — бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді. Бірбөлімді қарын өз кезегінде: безсіз қарын, безді қарын және безді-безсіз немесе аралас қарын болып үш түрге бөлінеді.
Ол өңеш пен ұлтабардың арасын жалғап тұрады . Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. ішкі қабаты — қиғаш, ортаңғысы — сақина төрізді, ал сыртқысы — ұзыннан орналасқан. Қарынның катпарланған сілемейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден карын сөлі бөлінеді.
Аш ішекке артериялдық қан жоғарғы шажырқай артериясынан 18-24 қан тамыры тармақтары арқылы жетеді. Ол тармақтар шажырқай қабатында өзара байланысып (анастомоз) бірінші және екінші қатарлық доға құрады. Ішекке қан осы доғалардан шығатын тік қан тамырларымен жеткізіледі. Аш ішек парасимпатикалық және симпатикалық нерв жүйелерімен иннервацияланады.
Тоқ ішекке тамақтың сіңбеген және қорытылмай қалған қалдықтары түседі. Бұлардың құрамында қарын сөлі бөлген су көп болады. Осы тоқ ішектен су қайтадан қанға сіңеді де, қорытылмай қалған тамақ қалдықтары қоюланып, нәжіске айналады. Тоқ ішек қабырғалары үнемі жиырылып, босаңсуынан қорытылмаған тамақ қалдықтары біртіндеп, тік ішек саңылауларына қарай жылжиды. Міне, осыны тоқ ішектің толқи жиырылуы деп атайды.

Ас қорыту жүйесінің қызметі


1. Сөл шығару ( секреция) функциясы. Оны ас қорыту, сілекей, ішек – қарын бездері, ұйқы бездері, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қорыту заттарды ыдырататын ферменттер болады. Олар: үш топтан протеаза, карбогидролаза, липозадан тұрады.
2. Қимыл ( жиырылу – жазылу) функциясын бірыңғай салалы еттер
Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш, ішек – қарын түтігі талшықтары, ұзарады, ал ұзына бойы орналасқан ет талшықтары жиырылса түтік кеңейіп, қысқарады. Ішек- қарын біресе жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды ( периистальтика)
3. Қоректік заттрады сіңіру функциясы
4. Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару функциясы ( экскреция)
5. Эндокринді функциясы
Ас қорыту ауыздан басталады. Ауызға келіп түскен тағам мұнда 15 – 30 секундтац кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам шайналып ұсатылады, сілікеймен шыланып жұмсарады. Көмірсулы заттар ыдырай бастайды.
Ауыз ішіндегі рецепторлар ас кесегімен жанасып тітіркенеді, бұдан пайда болған қозу сигналдары бет, тіл – жұтқыншақ, үшкіл жүйкелер мен кезеген жүйке арқылы орталық жүйке жүйесіндегі рефлекстер орталығына барып жетеді. Сол жүйкелерден келген эффектік серпіністер ас кесегінің ауызда шайналып, жұтылуын реттейді де ас қорыту бездірінің сөл шығаруын, ішек – қарындардың қимылын күшейтеді.
Сілекей дегеніміз – сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің, атап айтқанда, шықшыт, жақ асты, тіл бездерінің сөлі.
Адам тәулігіне 1- 1,2 л сілекей шығарады. Оның құрамында 0,5 – 1,5 % құрғақ зат, қалғаны су. Құрғақ зат органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. РН ( қышқылдық дәрежесі) 5,8 – 7,4 болады.
Әдетте сілекейдегі кальцийдің тістің эмаль қабатына өтуі, одан шығуы РН мөлшеріне байланысты. Реакциясы қышқылдау болса ( РН – 6,9) кальций эиальдан ауыз қуысына, ал РН – 7,0 – 8,0 болса эмальға қарай өтеді.
Сілекей құрамындағы органикалық заттар ( альбумин, глобулин) бейорганикалық заттардан 2 – 3 есе көп.
Негізгі фермент * - амилоза. Амилоза сәл сілтілік жерде полисахаридтерді декстрон сатысынан дисахарид сатысына дейін ыдыратады ( мальтоза, лактоза, фруктоза).
Сілекей құрамында сондай – ақ МКО сахарида өлтіретін лизоцим ферменті болады.
Муцин – гликопротеид, шырышты сілтілі зат, ол шайналып ұсатылған ас кесегін жұмсартып, шырышпен қоршайды. Өңешке қарай жылжуын жеңілдетеді.
Сілекей ас қорыту процесіне қатысуымен қатар қорғаныс қызметін де атқарады:
1) ауыздың шырышты қабығы мен тісті ұдайы дымқыл күйінде ұстап, физикалық және химиялық заттардың зардабынан сақтайды, ыстық тамақты суытып, салқын тамақты жылыты, тағам температурасын реттеп отыр.
2) құрамындағы лизоцил ферментінің әсерінен ауыз ішіндегі бактериялар жойылады ( бактериоцидтік әсері)
3) құрамындағы нуклеазалар, рибонуклеазалар, транеаминазалар, траксидазалар вирустың нуклеин қышқылдарын бұзып – ыдыратып, адам денесін вирусық аурулардан қорғайды.
4) сілекей құрамындағы тромбопластин, антигендердік фактор, ІV,V,VІІІ, Х факторлар сияқты заттардың әсерімен қан тез, ұйып, ауыздың шырышты қабығына түскен жарақаттар тез жазылып кетеді.
5) сілекейде, әсіресе шықшыт безі сөлінде фибрин ыдыратқыш заттар мен қан ұюына кедергі жасайтын заттар бар, бұл заттар без өзігінің бітеліп қалуына жол бермейді, ауыз шырышты қабығын қабыршақтанған өлі эпителийден тазартып отырады, ондағы жаралардың тез жазалып кетуіне себепкер болады.
6) сілекейдің қоректік маңызы да бар. Сілекей тістер анатомиясы мен физ – на қажет қоректік зат. ( Са, Р, Ц микроэлементерін қамтамасыз етеді)
7) сілекей құрамын тексеру белгілі бір ауруларды анықтау ісін жеңілдетеді. Мәселен, қарын 12 см ішектің ойық жарасы, нефрит кезінде сілекейде азот, инсульт кезінде белок көбейеді.
Сілекейдің бөліну тәртібі. Сілекей негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады. Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шығару болып екіге бөлінеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет