Сабақ кестесін жасаңыз



бет13/21
Дата26.12.2022
өлшемі0,89 Mb.
#59762
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
КЯЛ, ФИЗИОЛОГИЯ СЕССИя❗❗❗ (копия)

Есепті шығару:

Бой ұзындығы 170 см, дене салмағы 50 кг, кеуде қуысының шеңбері 92 см болатын оқушының физикалық даму деңгейін келесі индекстер арқылы анықтаңыз: Кетле көрсеткіші, Брок көрсеткіші, Пинье көрсеткіші.
Бой ұзындығын анықтау. L-бойдың ұзындығы. Жыныстық жетілу кезінде бой ұзындығының өсу байқалады. 20-25 жастан кейін бойдың өсуі шектеледі. Дененің ұзындығы бой өлшегішпен анықтайды.
ұзындығын анықтау
L= 75+5 * n N- жасы
 КЕТЛЕ, БРОК, ПИНЬЕ КӨРСЕТКІНТЕРІ, ФОРМУЛАСЫ
Семіздік немесе Кетле көрсеткіші: СК = __Р_
L
Р- дене салмағы (г); L- бойдың ұзындығы. Бұл көрсеткіш семіздікті анықтайды- бой ұзындығының І см- не дене салмағының неше грамы сәйкес келетіндігін көрсетеді. Физикалық даму мықты болса бұл көрсеткіш: ер балаларда 400- 410 г/см, қыз балаларда 370-380 г /см болады.
Брок немесе бой-салмақ көрсеткіші:
Егер бойдың ұзыныдығы:
150 мен 165 см аралығында болса 100
165 пен 175 см аралығында болса 105
175 см ден көп болса 110
Алынып тасталады, ол анықталған айырмашылық осы бойға сәйкес келетін дене салмағын көрсетеді.
Пинье немесе жалпы физикалық дамудың көрсеткіші:
L – (Т+ Р)
Т- кеуде қуысының шеңбері (қалыпты жағдайда), L – бойдың ұзындығы (см), Р- дене салмағы (кг).
Егер қалдық 10-15 болса, физикалық даму орташа, ал 30- дан көп болса, физикалық даму нашар деңгейде болады.
ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Дене салмағы тірек қимыл жүйесінің, ішкі мүшелердің дамуының, өсуінің негізгі айғағы. Оның максимальды түрде артуы, әсіресе қыз балаларда 13, ал ұл балаларда 15 жаста байқалады. 18-25 жасқа дейін дене салмағы көбейіп, кейін 40-46 жасқа дейін дені сау адамдарда бірқалыпта сақталады.20-25 жастан кейін бойдың өсуі шектеледі. Дененің ұзындығы бой өлшегішпен анықтайды. Бойды тұрған күйде аяқ киімсіз өлшейді.
Ер балаларда 6-8см., қыз балаларда 3-6 см. Болады.
Кетле көрсеткіші
Физикалық даму мықты болса бұл көрсеткіш: ер балаларда 400- 410 г/см, қыз балаларда 370-380 г /см болуы тиіс
S- арқаның күші / кг/; Р – дене салмағы / кг/.
Бұл индекстің орта мөлшері: ер баларада 2,5, ал қыз балаларда 1- 1,5-ке тең.
4. Брок немесе бой-салмақ көрсеткіші:
Егер бойдың ұзыныдығы:
150 мен 165 см аралығында болса 100
165 пен 175 см аралығында болса 105
175 см ден көп болса 110
Алынып тасталады
Р- дене салмағы (кг), d- қол басының динамометриясы. Бұл индекстің орта мөлшері: ер балаларда 60- 70 %, қыз балаларда- 40-50 % болуы керек
 ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
өсу және даму процесінің физикалық ерекшелігіне байланысты адамның жасын бірнеше кезеңге бөледі. Бұндай бөлудің әр түрлі схемалары бар. Бірінші рет неміс ғалымы Э. Реккель жасаған.
Балалар мен жас өспірімдер организмінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін еске ала отырып, және оқу тәрбие жұмысының жағдайына байланысты қосымша келесі кезеңдерді бөлуге болады
бөбек - 3 жасқа дейін
мектепке дейінгі жас 3-6 жас
мектеп жасы:
а) бастауыш сын. 6-10 жас
б) ортаңғы сын. 11-14 жас
в) жоғарғы сын. 15-18 жас
Соңғы классификация жас балалар мен жас өспірімдердің организмінің өсіп дамуының мектепке, балалар бақшасына бару кезеңіне байланысты ерекшеліктерінеске алады. Осы жастар аралығында, әсіресе мектеп жасындағы балаларды еңбекке баулу, болашақ мамандыққа дайындау басталады.
Организмнің өсіп-даму процесін зерттейтін әдістерді антропометриялық әдістер деп атайды.
Соматометрлік (бойының ұзындығы,салмағы)
Соматоскопиялық (қанмен қамтамасыз ету)
Физиометриялық (бұлшық еттердің күшін өлшеу, өкпенің тіршілік сиымдылығы)
 СОСЫН ҒАНА ОСЫ ЕСЕПТІ ШЫҒАРУ
1)СК = __Р_
L
CK=50×1000/170=50000/170=294
2)170-105=65
3)L-(T+P)
170-(92+50)=28
ҚОРЫТЫНДЫ ЖАЗУ
Мен бой ұзындығы 170 см, дене салмағы 50 кг,кеуде қуысының шеңбері 92 см болатын оқушының физикалық даму деңгейін Кетле,Брок және Пинье көрсеткіштері бойынша анықтадым.Нәтижесінде,Кетле,көрсеткіші бойынша 294 г/см,Брок көрсеткіші бойынша 65, Пинье көрсеткішы бойынша 28.Яғни ,Кетле көрсеткіші бойынша физикалық дамуы нормаға сай емес,яки,нашар деген сөз,Брок көрсеткіші бойынша да дәл келмейді,ал Пинье көрсеткіші бойынша физикалық дамуы нашар деуге келмейді,яғни,орташа деңгейде екені анықталды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет