Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері



бет14/33
Дата18.03.2022
өлшемі71,73 Kb.
#28388
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Байланысты:
дәріс тезистері

Аппликация (латынның applicatio- салу) дегеніміз кез келген материалдан кесіліп алынған әртүрлі формалардан, фигуралардан белгілі бір фонға сәйкестендіре отырып тігу немесе жапсыру арқылы көркем бейне жасау әдісі. Аппликацияға неше түрлі материалдар пайдаланады: былғары, киіз, ағаштың қабығы, тері, мата, ши, қағаз, дәнді дақылдар, моншақтар т.б.

Біздің көп ұлтты еліміздің әртүрлі халықтары аппликацияны ұлттық костюмдерді, тұрмыс және үй заттарын безендіруге қолданады.

Қағаздан аппликация жасау ХУІ –ғасырда пайда болды да, келесі жүз жылдықта бұл өнер одан әрмен қарай дами түсті, ХУІІ-ғасырдың басында Францияда қағаздан жасалған силуэт модаға айналды да, аз уақыттың ішінде ол Европаның барлық елдеріне және Россияға кеңінен жайылды. Үй қабырғалары шағын силуэттік порттертермен, тұрмыстық көріністермен безендіріле бастады. Силуэт деген сөз ХУІІ ғасырдағы Француз чиновнигі Этьен Силуэттің фамилиясынан келіп шыққан. Ол модаға еліктей отырып, қағаздан өрнек оюмен айналысқан еді. Ол туралы неше түрлі оқиғалар айтылып та жүрді, бір күні тіпті бір суретші оған көлеңке тәріздендіріп карикатура салды. Бұл бейнелеу әдісі силуэт деп аталып кетті. Аппликацияның үш түрі болады: заттық, сюжеттік, декоративтік.

Заттық аппликация жеке бір заттың бейнесін бейнелеу (жапырақ, ағаш, саңырауқұлақ, гүл, құс, үй, адам, т.б.)

Мұғалім оқушыларға қатты материалдардың жергілікті жерлерде өсетін табиғи түрлерін - қайыр талының, боз талдың, теректің, қара ағаштың және т.б. жас және кепкен кездеріндегі физикалық қасиеттерін, түр – түсін, табиғатта өсу ерекшеліктерін түсіндіреді. Тал шыбықтарын иіп, оның иілу кезіндегі қасиеті туралы “Шыбықтың иілгіштік қасиеті неліктен?’’ деген жалпы білімдік сұрақтар қою арқылы оқушылардың тақырып мағынасына қарай табиғаттану қабілетін жетілдіре түседі.

Ағаш шыбықтарын ию, тоқу және бұйым жасау мүмкіндіктерін оқушылармен бірге қарастырады. Сонымен қатар, сабақ барысында, әсіресе, үзіліс кезінде, оқушыларға еңбек тақырыбына байланысты халық арасында айтылған қарапайым және қызықты аңыз әңгімелерден, мақал –мәтелдерден, мысалы,’’Аю хан мен Ою хан’’ сияқты әңгімелерді арқау ете отырып, еңбек әдістемелерін жүргізіп, түсіндірген абзал. Төртінші сынып оқушыларымен жүргізілетін көркем еңбекті сабағы сарамандық жұмыстар негізінде жүргізіледі. Сарамандық жұмыс күрделі процесс. Ол мұғалімнің үлкен жауапкершілік пен іскерлікті және оқушыларды сол деңгеидегі еңбек түрлеріне еңбекті талап етеді. Сондықтан мұғалімге еңбек түрлерін, техникалық және көркем еңбекті шеберлікпен игеруді, оған қоса халықтық педагогика негізіндегі әдістемелерді кешенді түрде жүргізу ұсынылады. Ал істің орындалу тәсілі көбіне нақты жұмыс барысында түсіндіріледі. Оқушылар ою- өрнекті орындауды өткен сыныптардан біліп – үйренгеніне байланысты, оларға бұйымды көркемдеудің теориялық мағлұматтары мен оны орындаудағы сарамандық істердің тәсілдеріне шағын хабарлама жасап, сабақта орындалатын затының дұрыс және тез жасалу жолындағы әрекеттердің барысын оқушылармен бірге жүргізеді.

Орындайтын еңбек объектісінің бала табиғатына жақын, күнделікті көріп жүрген бұйымның түрлері, немесе, сол бұйымның бір бөлшегі болуы керек. Бұл оқушыға объектіні сеніммен орындауға құлшынып, қызығушылығын және ынталылығын арттырып, біліктік қабілетінің тез жетілуіне мүмкіндік береді.

Сол себепті, орындалатын объектінің, мысалы, мұғалім киіз үйдің тарихынан толық мағлұмат беріп, оның бөліктеріне арналған халық даналықтарының тәрбиелік мәні мол мақал - мәтелдерден:”Шаңырағың биік болсын!”, “Керегең кең, босағаң берік болсын!” дегендей адам өміріндегі олардың алатын тәрбиелік орындарынан түсініктемелер беріп, соған байланысты халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні мен өрісін кеңейте түсіп, халықтық салт – дәстүрлерінен тәрбие алуға баулынады.

Сарамандық жұмыстың әрбір саласын мұғалім оқушы бойына сіңіруге тырысып, олар жасайтын бұйымның немесе оның бөлігінің графикалық сызбасын қағаз бетіне өлшеп, дұрыс түсірудегі ұқыптылығына ерекше ыждағаттылықпен қарауы тиіс.

Сондықтан оқушылардың техникалық карталарды оқып, онда көрсетілген зат немесе зат бөлшегінің сызбасын оқу және сарамандық жүмысты орындай білу қабілетін арттыру да көркем еңбекті сабағының негізгі мақсаты. Соған орай сабақты жүргізгенде тақырып аумағына енетін киіз үй бөліктерінін түрлері;киіз үйдің шаңырағын, керегесін, уығын, сықырлауық есігін және үй ішінің ағаштан жасалған сүйегімен оқушыларды таныстырып, оны ағаш шыбықшаларынан, қатырма қағаздан жасап, өрнектеу сияқты жұмыс түрлері, ал қыздарға киіз үйге туырлықты, киіз есікті, түңгілікті шүберектен пішіп, тігу жұмыстары және соған баламалы тапсырмалар беріледі.

Сабақтың кіріспе бөлімінде тақырып бойынша тарихи мағлұматтар туралы әңгімелесу кезінде ;”Кйіз үй не үшін керек, оны кімдер жасайды, оны жасаған кісілерді қалай атайды, киіз үй халық игілігіне қалай қызмет етеді, үйді жасайтын қандай материал түрлерін білесіндер, ондай материалдар жергілікті жерлерде өндіріле ме, киіз үй неше бөліктен тұрады, олардың аттары қандай?” деген сияқты сұрақтар көлемінде оқушылар қиялына ой салатын және олардың білуіне қажетті тақырыптардың қысқаша мазмұнын қортындылай келе түсінгегндерін дәптерлеріне жазғызу керек.

Оқу процесінде өтілген тақырыптардың берер білімін молайту мақсатында тақырып бойынша материалдың физикалық қасиеттерінен, бұйым жасалу тәсілдеріне, дизайннан, эстетикасынан негізгі түсініктемелерді оқушылардың есіне қайталап сала отырып, оларға зат жасату арқылы білімдерін және шеберлік қабілеттерін арттыруларына ықпал жасалады.Соған байланысты оқушылардың шеберлік қабілеттерін арттыра түсетін негізгі тәсіл сарамандық жұмыс түрлері болғандықтан, олар мұндай жұмысқа басқа пәндерден алған білімдерін толық пайдалануына мұғалім үнемі бағыт беріп отыруы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет